Іле Алатауы тауларында температураның жоғарылауына байланысты 2-3 тамыз күндері сел жүруі мүмкін. Бұл туралы мәлімдеген Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сүйеніп, Вnews.kz хабарлады.
Осыдан 3 жыл бұрын Іле Алатауы бойындағы Ақжар өзенінің бассейнінде секундына 10-15 текше метр сел жүрген еді. Сонда тас аралас батпақ Ақсай-Кордон жолына дейін шықты. Алдына ала жасалған ескертуге сәйкес, сол кезде төтенше жағдай орын алған жоқ.
Данияр Түймебай.