Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың жерленген жерін табу үшін Ресейдің Псков облысына елімізден екі азамат аттанды. Бұл туралы «1 Еуразия» телеарнасы хабарлады.
Осыған дейін Әлия Молдағұлованың Псков облысының Новосокольники ауданындағы Монаково ауылының оңтүстiк-батысындағы бауыластар зиратына жерленгені туралы айтылып келген еді. Енді мұрағат құжаттарын қайтадан атқарған ресейлік өлкетанушылар Әлияның қалың орман ішіндегі бауырластар зиратына жерленгенін мәлімдеп отыр. Елден Ресейге аттанған екі азамат осы дерекке көз жеткізу мақсатымен үш аптаның ішінде батпақты өлкеде жерленген 32 жауынгерді анықтайтын болады.
Данияр Түймебай.