02 Тамыз, 2013

Шымкентте 400-ден астам адамды шаян шағып алды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Скорпион-1

Шымкентте 400-ден астам адам өздерін шаян шағып алғанын айтып шағымданып, дәрігерлерге көрінді. Бұл туралы «Жетінші арна» хабарлады.

Дәрігерлердің мәліметінше, шаяндар жұртты көбіне түн мезгілінде шаққан. Сондықтан олар төсектен тұрғысы келген кісінің алдымен жарықты жағып, киінер алдында киімдерін бір қағып алуын тапсырып отыр. Ал шаянды көре қалған жағдайда жедел дезинфекциялық стансаға хабарласулары керек.

Оңтүстік өңірде сары және кавказдық деп аталатын шаян түрлері кеңінен тараған. Олардың шаққаны өмірге оншалықты қауіп төндіре қоймайды. Алайда, аллергиялық ауруларды қоздыруы әбден мүмкін.

Сұлтан Бозайғыр.