Тағайындау • 16 Қаңтар, 2020

Ә.Төлеуханұлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

787 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ә.Төлеуханұлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов 1967 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді. 1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген.

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған. 1985-1987 жылдары КСРО ҚК қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті. 1992 жылы Президент Күзет қызметінің әскери қызметіне алынды.

Қызметін Президенттің жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген. 2006 жылы Президент Күзет қызметі бастығының орынбасары –жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды. 2012 жылы Президенттің Күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған. 2013 жылы Президенттің Күзет қызметінің бастығы болды. 2014 жылы Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – ҰҚК «А» арнайы қызметінің директоры (2014-2019). 2019 жылдың маусымынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болды. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылғанын хабарлаған болатынбыз.