02 Тамыз, 2013

Ақтөбеде жол полицейлері қыз зорлаушыларды тап бастырмай ұстады

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейские зажержали

Ақтөбе қаласында жол полицейлері 20 жасар қызды тонап, зорлап кеткен екі күдіктіні оқиға болған бойда тап бастырмай ұстады. Бұл туралы «Актобе-таймс» газеті хабарлады.

Оқиға қаланың ескі бөлігінде, таң алдында, сағат 4-тің шамасында орын алған. Осы уақытта қорлыққа ұшыраған бойжеткен 102-ге қоңырау шалған. Ол өзін бұдан 5 минут бұрын белгісіз екі жігіттің Әйтеке би көшесі, 46-үйдің ауласында тонап, зорлап кеткенін мәлімдейді. Қыз олардың түр-түстерін айтып берді. Зорлықшылар жәбір көрушінің 5 мың теңгесі мен құжаттарын алып кетіпті.

Қыз суреттеген кескіндер бойынша із кесуге шыққан полицейлер көп ұзамай күдіктілерді қолға түсірді. Екеуі де Батыс Қазақстан облысынан келгендер екен. Зорлықшылардың бірінің жасы – 22-де, екіншісі 30-да болып шықты.

Мұрат Айтқожа.