02 Тамыз, 2013

Қостанайда құтқарылған қызға Карина деген ат берілді

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Костанай-спасенный ребенок

Қостанай облысындағы Рудный қаласында көшеден табылған нәресгтеге Карина деген ат берілді. Бүгін шақалақ Рудныйдағы перзентханадан қалалық аурухананың жаңа туғандар патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлімше меңгерушісі Роза Көбекова қыз баланың денсаулық жағдайы жақсы екенін айтады. Оған қазір керекті емдеу курсы белгіленген. Соны бітіргесін ауруханадан шығарылады.

Ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны татьяна Гусеваның айтуынша, қазір Рудный қаласы әкімінің орынбасары Елена Скарединаның атына ақпараттық хат жолданып, аталған оқиғаны жастары кәселетке толмағандар ісі жөніндені комиссияда қарау, соның негізінде кішкентай нәрестені көшеге тастап кеткен 31 жастағы әйелді аналық құқынан айыру мәселесін шешу ұсынылған.

Еске сала кетейік, 31 жастағы әйел 27 шілде күні саяжайда қызды туысымен пакет орап, көшеге алып шыққан да, саяжай қауымдастығы ғимаратының есігі аузына тастап кеткен. Ананың сөзінше, ол нәресте өліп қалғандай болып көрінгесін осылай етуге мәжбүр болыпты. Балаға келген «жедел жәрдем» көлігінің қызметкерлері де сондай ойға тоқтапты.

Костанай-спасенный ребенок-2

Сол кезде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа туған нәрестенің өлі күйде табылғаны туралы жазылған. Алайда, Рудный қалалық ауруханасының дәрігерлері сәбиді өмірге қайта келтіруге біраз күш жұмсап, мақсаттарына жеткенге ұқсайды.

Сұлтан Бозайғыр.