02 Тамыз, 2013

Әбіләзов Украинаға жеткізілуі мүмкін

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аблязов фото

Биылғы 31 шілде күні Францияның Лазур жағалауындағы Муан-Сарту елді мекенінде қазақстандық банкир Мұхтар Әбіләзов қолға түсті. Мұның жайын «Экспресс К» газеті бүгін кеңейтіңкіреп жазып отыр.

Шетелдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Әбіләзовті тұтқындау кезінде одан Орталық Африка республикасының азаматы Марат Айанның атына берілген паспорт тәркіленген екен. Жақын арада оның абақтыда қалу немесе экстрадициялану мәселелері шешіледі деп күтілуде.

Банкирді тек біздің еліміздің құқық қорғау органдары ғана іздестіріп жатқан жоқ. Оны тергеуге Ресей мен Украина да қызығушылық білдіріп отыр. Әзірге Қазақстан мен Франция арасында экстрадиция жөнінде келісім жоқ. Сондықтан да Әбіләзов Ресей мен Украинаның біріне жеткізіліу мүмкін. Ал сот процесі негізінен банкирді Украинаға экстрадициялау мәселесін қарастырып отырған көрінеді.

РИА «Новости» агенттігі хабарлағандай, Мұхтар Әбіләзовті құрықтау оның танысы Елена Тищенконың ізіне түсу арқылы жүзеге асырылыпты. Елена – Әбіләзовтің украиналық әріптесі Сергей Тищенконың бұрынғы әйелі. Ол Лондонда өткен сот отырысынан Францияға қайта оралғаннан кейін бақылауға алынған екен.

Айдар Өрісбаев.