03 Тамыз, 2013

Жігермен келген жеңіс

346 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Актобе«Ақтөбе» командасы Еуропа лигасындағы үшінші іріктеу кездесулерінің алғашқы ойынында өз алаңында Исландияның «Брейдаблик» командасын қабылдады. Жергілікті жанкүйерлер бұл жолы да ақтөбеліктерден жеңіс күткені шындық. Сүйікті командасының ойынын Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионнан көруге ықыластылардың барлығының арманы жүзеге асуы қиын болды. Орталық стадионда отырып матчты тамашалауға жиналған 13500 жанкүйер қолдауымен басталған ойынды стадионға сыймай қалғандар үшін сыртқа қойылған үлкен теледидар экранынан тамашалауға да мүмкіндік жасалды.

 

«Ақтөбе» командасы Еуропа лигасындағы үшінші іріктеу кездесулерінің алғашқы ойынында өз алаңында Исландияның «Брейдаблик» командасын қабылдады. Жергілікті жанкүйерлер бұл жолы да ақтөбеліктерден жеңіс күткені шындық. Сүйікті командасының ойынын Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионнан көруге ықыластылардың барлығының арманы жүзеге асуы қиын болды. Орталық стадионда отырып матчты тамашалауға жиналған 13500 жанкүйер қолдауымен басталған ойынды стадионға сыймай қалғандар үшін сыртқа қойылған үлкен теледидар экранынан тамашалауға да мүмкіндік жасалды.

Актобе

Чехиялық бас төреші Либар Коваржик ойынды бастағаннан кейін-ақ жанкүйерлер «Ақтөбе» деп дауыстап қолдау көрсетуден танбады. Кездесудің төртінші минутында қарсыластар қақпасына алғашқы соққы жасалуы жанкүйерлерді жылдам голдан дәмелендіріп, одан сайын желпіндірді.

Ойынның 6 минутында Андрей Харабара қақпаға тура соққы бағыттап үлгерді. Осылай алғашқы минуттардан бастап қарсыластар қақпасын қарауылдауға көшкен жер­лестеріміз өрнекті ойын көр­се­туге тырысып-ақ бақты. Дегенмен, тас­қамал қорғанысқа көшкен исландиялықтар айып алаңында сауатты ойнап, көтеріп берілген пастар мен шабуылдардың бетін қайтарып отырды. Әсіресе, қақпашы Гуннлейфер Гуннлейфссон ше­бер­лік көрсетті. Ол Андрей Ха­ра­бараның, Петр Бадлоның соқ­қыларын қиналмай қайтара біл­ді. Ара-тұра қарсыластар да қар­сы шабуылға шығып, Андрей Си­дель­никовтың қырағылығын бақылаған кездер болды. Алайда, ақтөбелік қақ­пашы қапысыз қимылдады. Бұл жолы ақтөбелік шабуылшы Сергей Давыдов та қанша ты­рыс­қа­нымен айып алаңында шалт қимылдаудың орнына, ұзын бойлы исландиялықтардан айласын асыра алмады.

Осы ойын өрнегі екінші таймда да жалғасты. Алаң иелері алғашқы минуттардан шабуылдағанымен қарсыластар қапысыз қорғанды. Марат Хайруллин «Брейдаблик» командасы қақпасының дәл ортасына соққы жасады, бұл доп қарсыластар қақпашысының қақшып алуына еш қиындық келтірмеді. Осындай жағдайды Петр Бадло да қайталады. Сергей Давыдов допты баспен қақпадан қияс ұрып, қапы қалды. Ойынның екінші кезеңінің ортасынан өте Арзуманянның орнына шыққан Эмиль Кенжесариев, Ковальчукті алмастырған Александр Гейнрих шабуылды қыздыра түсті. Сергей Давыдовты алмастырған Сергей Гридин ойынға сәл де болса қарқын қосқандай болды. Осы үшеуінің тізе қоса өзге ойыншылармен түсінісе шабуылды үдетуі де нәтижесіз аяқталып жатты. Ешқайсысы да қақпашыны қапы қалдыратындай әдемі соққы жасай алмады. Әлсін-әлсін қарсыластардың айып алаңына барған ақтөбеліктер ойынның соңғы минутында дегендеріне жетті. Айып алаңында исландиялық ойыншы допты алып сытылып бара жатқан Александр Гейнрихтің үстіне жата қалып, құлатып, ойын ережесін бұзды. Чехиялық бас төреші Либар Коваржик еш ойланбастан 11 метрлік айып добын белгіледі. Айып добын ұрған Марат Хайруллин қарсыластар қақпасының оң жақ бұрышына әдемі соққы бағыттады. «Брейдаблик» командасының қақпашысы Гуннлейфур Гуннлейфссон соққы бағытын аңғарып қалғанмен дәл соғылған допты тоқтатуға дәрмені жетпеді. Есеп 1:0 ақтөбеліктер пайдасына шешілді. Енді жауап ойын 8 тамызда Исландияда өтеді. Әрине, ақтөбеліктер плей-оффқа шығуы үшін ойын өрнегін анағұрлым ширатып, жігермен келген жеңісті жалғастырудың жолын іздеуі тиіс.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20