Ерлер бәсекесінде Мағжан Шәмшиддин мен Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжанов (66 кг), Жансай Смағұлов пен Серік Ақылбек (73 кг), Дидар Хамза мен Руслан Мұсаев (81 кг), Ерсұлтан Мұзапаров (90 кг), Айбек Серікбаев пен Виктор Демьяненко (100 кг), Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) өнер көрсетеді. Әйелдер арасында Ақмарал Науатбек (48 кг), Анна Казюлина (52 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Мөлдір Нарынова мен Зере Бектасқызы (70 кг), Зарина Райфова (78 кг), Назгүл Маратова (+78 кг) сайысқа түседі.
Айта кетейік, осы белдесуде бас жүлдені олжалаған балуанға 700 ұпай берілсе, күміс және қола жүлдегерлер 490 және 350 ұпайдан олжалайды.