03 Тамыз, 2013

Білікті дәрігерлер ауылға келді

448 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында адамдардың денсаулығын жақсартуға жан-жақты қолғабыс жасау, ауыл адамдарына тегін медициналық қызмет көрсетуі жайлы айтылған болатын. Бұл бағытта Кенді Алтайда да көп істер тындырылып жатыр. Меди­цина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, меке­мелерге көлік беру, қажетті жабдықтармен қамта­масыз етуде игілікті шаралар атқарылуда. Жақында Ұлан ауданында іссапармен болған кезде бұған көз жеткіздік.

DSC05631

Мектеп пен оның жанындағы Нәзигүл Асанғалиева жетекшілік ететін фельдшерлік-акушерлік кабинеттің маңы ауыл адамдарына толы. Себебі, бүгін мұн­да «Саламатты Қазақстан» бағ­дарламасына сәйкес Ұлан аудандық орталығының дәрі­гер­лері келген екен. Білікті дәрігер Ербол Арынғазин былай деді.

– Біз қазір Ұлан ауданының елді мекендерін аралап, те­гін ме­дициналық көмек көрсе­ту­де­міз. Ақтау, Бозамбай ауылдарында болдық, ендігі бағыт – Тройницкое, Митрофоновка елді мекендері. Бүгін Мамай батыр ауылына келдік. Татьяна Иванова қан құрамын тексерсе, білікті дәрігерлер Алмагүл Құйқашева, терапевт Әлия Тантыбаева, узи дәрігері Қайрат Манасбаев ауыл адамдарын мұқият тексеріп, қажетті ақыл-кеңестерін беруде. Оның үстіне облыстық құрт ауруына қарсы диспансердің қызметкерлері де арнайы құрал-жабдықтарын алып келіп, адамдарды рентгенге түсіруде. Егер ауыл адамдарының қалаға барып, өкпесін тексертуге және қан тапсыруға қанша уақыты мен қаржысы кететінін ескерсек, мемлекеттің «Денсаулық жолы» бағдарламасының адам факторын күшейтуге қосатын үлесі ерек­ше, – деп үгіт пойызының Ұлан ауданы бойынша жетекшісі Ер­бол Арынғазин ағынан жарылды.

Сол күні Мамай батыр ауы­лы­ның екі жүзге тарта адамы өкпе­лерін тексертіп алса, та­ғы соншама адам қан тапсы­рып, дәрігерлердің ақыл-ке­ңе­­­сін тыңдады. Ауылдың ба­йыр­­­ғы тұрғыны, еңбек ардагері Шәй­зада Жаңабаева демікпе сыр­қа­тымен ауыратынын, қысыл­­ған кезде ауылдағы Нәзи­гүл Асан­­­­ғалиева басқаратын фельд­шерлік-акушерлік кабинет қызметкерлерінің өзіне ғана емес басқа адамдарға адал қызмет ететінін айтып, бү­гінгі «Саламатты Қазақстан» бағ­дарламасының Қазақстан хал­қына өлшеусіз жақсылық жасап отырғанына алғысын білдірді.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы.

–––––––––––––

Суретте: Арнайы көлікте ауыл тұрғындары өкпелерін тек­сертті.