Қазақстан өнері ауыр қазаға ұшырады. 2013 жылдың 1 тамызында 87 жасқа қараған шағында белгілі театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі, М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Гавриил Моисеевич Бойченко дүниеден өтті.
Г.Бойченко 1927 жылдың 1 ақпанында Ставрополь өлкесінің Ессентуки қаласында дүниеге келді. Мектеп бітірген соң Ставропольдағы М.Ю.Лермонтов атындағы драма театры жанындағы театр студиясында оқыды
Қазақстан өнері ауыр қазаға ұшырады. 2013 жылдың 1 тамызында 87 жасқа қараған шағында белгілі театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі, М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Гавриил Моисеевич Бойченко дүниеден өтті.
Г.Бойченко 1927 жылдың 1 ақпанында Ставрополь өлкесінің Ессентуки қаласында дүниеге келді. Мектеп бітірген соң Ставропольдағы М.Ю.Лермонтов атындағы драма театры жанындағы театр студиясында оқыды.
Гавриил Моисеевичтің актерлік жолы 1944 жылы басталып, 1962 жылдан бері оның шығармашылығы Алматыдағы Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрымен, ал 1994 жылдан М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрымен байланысты болды.
70 жылға жуық театрда қызмет атқарған уақытта Гавриил Моисеевич 250-ден астам рөлдерді сомдады. Олардың арасында Е.Шварцтың «Обыкновенное чудо» және «Золушка» қойылымдарындағы Корольдер, Г.Гориннің «Самый правдивый» қойылымында Мюнхаузен, «Королевские игры» қойылымында епископ Фишер, П.Кальдеронның «С любовью не шутят» қойылымында Дон Педро, Б.Брехттің «Опера нищих» қойылымында Пичем, И.Тургеневтің «Нахлебник» қойылымында Иван Кузьмич, А.Островскийдің «Таланты и поклонники» қойылымында князь Дулебов, У.Шекспирдің «Двенадцатая ночь» қойылымында Мальволио және «Король Лир» қойылымында Шал сияқты ұмытылмас бейнелер мен басқа да тамаша еңбектер бар.
Г.Бойченко «Қазақфильм» киностудиясында да «В те дни», «Лесная баллада», «Притча о любви», «Далекий млечный путь», «Танцующий ангел» фильмдеріне түсті.
Қазақстанның театр өнерін дамытуға қосқан үлесі мен орындаушылық жоғары шеберлігі үшін Г.М.Бойченко «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атақтарымен марапатталып, мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның иегері атанды.
Өзінің асқан кәсіби шеберлігі мен театрға деген таусылмас сүйіспеншілігін Гавриил Моисеевич шәкірттерінің бойына сіңірді. Ол шығармашыл зиялы жастар қауымын тәрбиелеген білікті ұстаз және тәлімгер болатын.
Көрнекті актер Гавриил Бойченконың жарқын бейнесі біздің жадымызда әрдайым сақталады.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі.