Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр. Үстіміздегі жылы 31 шілдеде Интерполдың француздық бюросы М.Әбіләзовтің Франция территориясында ұсталғандығы туралы мәлімдеді.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр. Үстіміздегі жылы 31 шілдеде Интерполдың француздық бюросы М.Әбіләзовтің Франция территориясында ұсталғандығы туралы мәлімдеді.
Өздеріңізге жақсы мәлім, еліміздің құқық қорғау органдары «БТА Банк» АҚ-тың 5 млрд. АҚШ долларынан астам қаражатын ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған табыстарды жылыстатқан ұйымдасқан қылмыстық топты құру мен оған басшылық жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді әлі жалғастыруда.
Аталған қылмыстық істер бойынша 2009 жылғы 6 наурызда М.Әбіләзовті ұстау мен экстрадициялау мақсатында қамауға санкция беріліп, халықаралық іздеу жарияланды. Мұнымен қатар бірқатар қылмыстарды жасау айыптары бойынша Ресей мен Украинаның құқық қорғау органдары М.Әбіләзовке іздеу жариялады.
М.Әбіләзовтің және оның сыбайластарының әрекеттері Кипр, Венгрия және Латвияның құқық қорғау органдарының қылмыстық тергеулеріне негіз болып табылды. Ирландия мен Финляндияның уәкілетті органдарымен М.Әбіләзовпен аффилиирленген компаниялардың қызметтеріне тексерістер жүргізілуде.
2012 жылғы ақпанда Ұлыбританияда Лондонның Жоғары Сотының шешімімен сотты құрметтемегені үшін М.Әбіләзовқа 22 ай мерзімге түрмеге қамау түріндегі жаза тағайындалды, алайда ол ағылшындық сот төрелігінен бой тасалады.
Енді, міне, еліміздің құзырлы органы ағымдағы жылғы 31 шілдеде Интерполдың француздық бюросы М.Әбіләзовтің Франция территориясында ұсталғандығы туралы хабарлады. Қазіргі уақытта М.Әбіләзовті ұстау жағдайлары жөнінде неғұрлым егжей-тегжейлі ақпаратты француздық әріптестер ұсынған жоқ, ақпараттың түсу ретіне қарай Бас прокуратура қосымша мәлімдейтін болады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.