03 Тамыз, 2013

Ажары Ақжайықтың ашық қандай!

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кайрат-1

Толқының тайдай тулап,

Жалын атқан,

Көңілін

Көрген жанның жадыратқан

Армысың, айналайын,

Ақжайығым,

Жайсаңым,

Қос құрлықты

Жарып аққан!

 

Кайрат-1

Ұлы өзен

Толқының тайдай тулап,

Жалын атқан,

Көңілін

Көрген жанның жадыратқан

Армысың, айналайын,

Ақжайығым,

Жайсаңым,

Қос құрлықты

Жарып аққан!

 

Көремін

Сені ескі сырласымдай,

Сырласпай

Шіркін мауқым жүр басылмай!

Мен сенің қасиетіңді

Қастер тұтам –

Аяулы әр толқының –

Бір ғасырдай!

 

Мен сені бір көруге

Тым асығам,

Кемсітсе сені біреу –

Шын ашынам!

Тасыған кезіңді де

Көрдім талай

Кезіңді жуасыған.

 

Қанаңа сыймай

Асып-тасынасың,

Сабаңа түсіп кейін

Басыласың.

Қазақтың

Қасиетті топырағына

Әйтеуір бір жеткенше асығасың.

 

Шалғайдан

Бізге сапар шеккендейсің,

Бұл күніңе

Шүкірлік еткендейсің.

Кең қолтық,

Мидай жазық қырларыма

Қауышып, мұратыңа жеткендейсің!

 

КІНДІК ҚАНЫМ ТАМҒАН ЖЕР

Шіркін, Батыс!

Отанымның мақтаны!

Тәтті түстей көрген бала шақтағы...

Сен дегенде –

Көз алдымда көлбеңдеп,

Ата бергей бейбіт күннің ақ таңы.

 

Полигон деп аталатын дүрбелең

Басталғанда,

Мен Азғырда жүрген ем.

Шәкірт едім

Интернатта оқитын

Бейбіт күнде қатер барын білмеген.

 

Белшемізден баттық-тағы сорға біз,

Бір-ақ күнде тарап кетті Ордамыз.

Бір-ақ күнде қош айтыстық Жайықпен

Содан бері 17 күн жолдамыз.

 

Бұлтты болды бейбіт өмір аспаны,

Біз дегенде қабағын бір ашпады.

Жүк поезы

Ташкенттен де асырып

Мақтааралға бізді апарып тастады.

 

Күйіп тұрған тамызға жұрт шыдамай

Ауа райы

Арық суы ұнамай

Әр күн сайын 4-5 адам өледі,

ордалықтар қырылғаны қынад