Спорт • 20 Қаңтар, 2020

ҚПЛ клубтары жаңа маусымға қалай дайындалып жатыр?

299 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Жаңа жыл бастала салысымен футболдан Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) командалары ел чемпио­на­тының биылғы маусымына дайындықтарын бастап жі­берді. Тіпті кейбір клубтар оқу-жаттығу жиынын 3 қаң­­тардан бастаса, келесілері бірінші команда құрамын кү­шейтіп, қызықты трансфермен дайындыққа кірісіп жатыр. Осы орайда біз командалардың жаңа маусымға әзірліктері туралы шолып көреміз.

ҚПЛ клубтары жаңа маусымға қалай дайындалып жатыр?

 «Астана»

Еліміздің алты дүркін чем­­­пиондары жылды бас бап­­кер ауыстырумен бас­та­ды. Команданы бұған дейін жат­тықтырып келген украи­на­лық Роман Григорчук «Ас­тана­мен» келісімшартын үзді. Ал клуб тізгінін Қазақстан ұлт­­тық құрамасының бас бап­кері Михал Билек ұстады. Ен­­ді Билек ұлттық құрама мен «Астанада» «билік» жүр­гі­­зе­тін болады. Жаңа бас бап­­кермен «Астана» бірін­ші оқу-жаттығу жиынын 15 қаң­тарда Португалияда бас­тап кет­ті. 10 ақпанға дейін Еу­ро­пада жаттығып, халық­ара­лық «Атлантик Кап» тур­ниріне қатысады. Сондай-ақ 25 қаңтарда ағылшынның «Брентфорд» командасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Әзірше елорда клубы құра­мын күшейтуге асығар емес. Есесіне келісімшарты аяқ­тал­ған бірнеше футболшы ко­мандадан кетті. Атап айтар болсақ, олар: қақпашы Алек­­сандр Мокин, жартылай қорғаушылар Серікжан Мұ­­жықов, Роман Мұртазаев және шабуылшы Сергей Хиж­­ниченко. Қазірде 4 фут­болшының жалпы трансфер құны 4 млн еуро шамасында. «Астана» бұл ойыншыларды тегін жіберген соң, клуб бюджеті осынша сомада шы­ғынға батты. Ал өткен маусымда «Ордабасыда» жалда ойнаған қақпашы Дмитро Непогодов, қорғаушылар Сер­­гей Малый, Марат Быс­тров және шабуылшы Алек­сей Щеткин командаға орал­­са, Иван Маевскиймен келісім­шартын ұзартты.

«Қайрат»

Оңтүстік астананың ко­ман­дасы маусымға да­йын­дығын 3 қаңтарда Алма­тыдағы жаттығу базасында бастап, 17 қаңтарда екін­ші жиынын өткізу үшін Түр­кияға аттанып кетті. Бұл жақ­та «сары-қаралардың» Поль­­шаның «Легия», Киевтің «Ди­намо» және Болгарияның «Лудогорец» клубтарымен жол­­­дастық матчтары жоспар­ланған.

«Қайрат» клубы да құра­мын күшейтуге асығар емес. Әзірше командаға былтыр «Же­тісу» сапында тәуір ойын көрсеткен армениялық Камо Оганесян ғана қосылды. Сон­дай-ақ өткен жылдың со­ңын­да Адеринсола Эсеола, Ай­бол Әбікен және Сергей Кей­лермен келісімшартын ұзарт­ты. Ал маусымаралық үзілісте командадан Георгий Жуков, Исламбек Қуат, Сергей Поли­тевич, Елдос Ахметов, Мартон Эппел мен Хан Чжон Ву және Бауыржан Исламхан кетті. Жуков Польшаның «Висла» командасына, Қуат Ресейдің «Оренбург», ал Исламхан Санкт-петербургтің «Зенит» са­пына ауысты. 

«Ордабасы»

Былтырғы чемпионатты қола жүлдемен аяқтаған Шым­­кенттің «Ордабасы» клу­­­­бы да алдағы маусымға да­й­ын­дығын жергілікті «БИІК» спорт кешенінде өткі­зіп жатыр. Ал 23 қаңтарда Түр­кия­да оқу-жаттығу жиыны жос­парланған. Қазірдің өзінде «Ордабасы» негізгі құрам­ның бірнеше ойыншысымен қош­тасты.

Жоғарыда атап өткендей, Непогодов, Малый, Быстров және Щеткин «Астанамен» Португалияда жүр. Былтырдан бас­тап ұлттық құрамаға ша­қыр­ту алған Темірлан Ер­ла­­нов биыл «Тобылдың» на­­­мысын қорғайды. Өткен мау­­­сымда команданы өрге сүй­реген легионерлер Жоао Пауло, Май Махлангу, Мир­зад Механович, Зиги Бади­бан­галардың клубта қалу-қал­мау­лары да белгісіз болып тұр.

«Тобыл»

Қостанайдың коман­дасы биылғы ҚПЛ команда­ла­рының арасында қазірше ең белсендісі. Маусымаралық үзілісте клуб 2018 жылы Қа­зақ­­стандағы ең үздік жат­тық­тырушы атанған Григорий Бабаянға команда тізгінін ұс­татты. Футболдан жыл­ға жу­ық қол үзіп қалған Ба­баян жұ­мысына бірден білек сыбана кірісіп, клубты күшейте бастады.

Былтыр «Қайсар» сапында ойнаған қорғаушы Александр Марочкин, «Шахтердің» үз­дік­тері саналған қақпашы Игорь Шацкий мен шабуылшы Оралхан Өміртаев және «Ордабасы» қорғаушысы Те­­мірлан Ерланов ендігі мау­­­сымды «Тобылда» өт­кі­зе­ді. Сонымен қатар «Ertis» ойыншысы Сағадат Тұрсынбай бір жыл жалда ойнайтын болады. Ал команда капитаны Азат Нұрғалиев пен қақпашы Сұлтан Бусурманов клубпен келісімшартын ұзарт­ты. Есе­сіне «Тобылдан» қақ­пашы Жасур Нәрзіқұлов, қор­ғаушы Вик­тор Дмитренко мен шабуылшы Бауыржан Тұ­рысбек кетті.

Қазіргі таңда «Тобыл» Бі­рік­кен Араб Әмірліктерінде жаңа маусымға дайындығын пысықтап жатыр. Бір айта кетерлігі, егер «Астана» мен «Қайрат» клубтары трансферде белсенділік танытып, құ­рамын күшейтпесе, «Тобыл» осы қарқынымен биыл ел чемпиондығына таласуы әб­ден мүмкін.

«Қайсар»

2019 жылғы Қазақстан Ку­богының иегері қазақ­стан­дық командалар арасы­нан алғашқылардың бірі болып жаңа маусымға дайын­дық­тарын бастады. Қазір «қас­қыр­лар» Түркияның Анта­лия қа­ласында жатты­ғып жатыр. 23 қаңтарда екі жолдастық ойын жоспарланған.

Команда биыл Еуропа лигасына қатысатын болса да, құрамын әлі күшейтер емес. Иә, Елдос Ахметов, Бағдат Қа­­йыров, Элвин Фортес, Қуа­­­ныш Қалмұратов, Ризван Аб­­литаров және Элгуджей Лоб­­жанидзе «Қайсар» сапын толықтырғанымен, оларды жоғары деңгейдегі футболшылар деп айта алмаймыз. Ал Тигран Барсегянның кетуі ко­­ман­даны әлсіретуі ықтимал. Егер қызылордалықтар қысқы трансферде құрамын кү­шейт­песе, биыл жүлделі орын­нан да, Еурокубок бәсеке­ле­рі­нен де үмітін үзе берсе бо­лады деп топшылаймыз.

«Шахтер»

Биыл құрамын күшейтіп, чемпиондық үшін таласуы тиіс болған кеншілер өңірінің командасы алға жылжудың орнына, құлдырап бара жат­қан сыңайлы. Себебі «Шах­тер» Түркиядағы оқу-жат­ты­ғу жиынына клуб тәрбие­ле­нушілері мен былтыр Бірін­ші лигада доп тепкен Ти­мурбек Закиров, Карам Сұл­танов, Павел Кривенцев, Әди Адамбаев секілді есімдері жан­­­күйерлерге аса таныс емес бірнеше ойыншыны қара­лымға алды.

Клубқа жаңадан тағайын­далған басшы Ерлан Оразов бұл футболшылармен қандай жетістікке жетуді көздеп отыр­­­ғанын бол­жау қиын. Айт­па­қшы, был­тыр команданы баптаған болгариялық маман Николай Костовтың орнына би­ыл отандасы Вячеслав Гроз­ный келді.

«Жетісу», «Ertis», «Оқжетпес»

Аталған үш команда да Түркия жерінде алдағы мау­сымға дайындықтарын пы­сықтап жатыр. «Жетісуда» қазір айтарлықтай өзгеріс жоқ. Былтырғы құраммен жаңа маусымға дайындалуда.

Сондай-ақ «Оқжетпес» клубында да аса қатты өзгеріс жоқ. Команда Түркияға клуб­тың 8 тәрбиеленушісін алып кеткен. Былтыр шағын бюд­жетпен команданы 7-орынға дейін жеткізген бас бап­кері Андрей Карпо­вич биыл да клубты жаттықтыратын болды.

Ал Павлодардың «Ertis» клубы құрамын белорусиялық қақпашы Сергей Черник, гру­зиялық шабуылшы Леван Куталия, аргентиналық жартылай қорғаушы Пабло Хоа­кин мен черногориялық Боян Санкови және сербиялық қор­ғаушы Марко Томичеммен күшейтті. Бұл футболшылар «Ertis» үшін қаншалықты пай­далы ойыншы екенін алдағы уақытта білетін боламыз.

«Тараз», «Қызылжар», «Каспий»

Өткен маусымда Премьер-лигада жан сақтап қалу үшін електік ойын өткізіп, же­ңіс­ке жеткен «Тараз» қазір Қа­зақстанда жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда биыл жергілікті футболшылар мен жас ойыншыларға үміт артпақ. Егер дәл солай бола­тын болса, келесі жы­лы «Таразды» Бірінші лигадан көруіміз әбден мүмкін. Десе де командаға жаңадан та­ғайындалған бас бапкер Вла­димир Никитенкоға басшы­лық клубты Премьер-лига­да алып қалу міндетін жүктеді.

«Қызылжарды» Бірінші лигадан жоғары лигаға шығар­ған бас бапкер Әли Әлиев қыз­метінен кетті. Оның ор­нына мол­довалық маман Вя­чеслав Руснак келді. Команда қазір Түркияда жаттығып жа­тыр.

Сондай-ақ жоспар бойынша алты жолдастық кездесу өткізеді. Ал қазірше командада ешқандай трансфер жоқ. Сондай-ақ Премьер-лиганы толықтырған Ақтаудың «Кас­пий» командасы 17 ойыншымен Түркияда жаттығып жатыр.

Жоғарыдағы үш коман­даның былтырғы құра­мымен қандай «жетістікке» жетке­нін барша жанкүйер жақ­сы біледі. Команда бас­шылығы жер­гілікті жанкүйер­лерді неге жаңа ойыншылармен, клуб­тың жоғары жетіс­тігімен қуант­­пайды екен? Бас­қа клубтардың қалай жұ­мыс істеп отырғанын басшы­лық біліп, көріп отыр ғой. Әлде клуб басшылығы «Бастысы жеңіс емес, бастысы – қатысу» қағидасын ұстана ма екен?!

Біздіңше, кеңірек көсілуге командалардың бюджеті мүм­кіндік бермейтін секілді.