Үкіметтің отырысында 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлерде жүзеге асырылған кейбір жобалардың жұмыс істемей тұрғаны айтылған-ды. Шыны керек, осындайда кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кәсіпорындар мен нысандарды өзінің көзінше лентасын қидырғаннан кейін іске қосылмайтынын сынға алғаны еске түседі. Өңірдегі осы бағыттағы жағдайды білмекке облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Марат Балмұхановқа жолыққанбыз. Марат Нүренұлы әңгімені әріден бастады.
Үкіметтің отырысында 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлерде жүзеге асырылған кейбір жобалардың жұмыс істемей тұрғаны айтылған-ды. Шыны керек, осындайда кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кәсіпорындар мен нысандарды өзінің көзінше лентасын қидырғаннан кейін іске қосылмайтынын сынға алғаны еске түседі. Өңірдегі осы бағыттағы жағдайды білмекке облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Марат Балмұхановқа жолыққанбыз. Марат Нүренұлы әңгімені әріден бастады.
Ол облыста бұл бағдарламаны жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек ете келіп, еліміздің Индустрияландыру картасына облыстан 10.0 мыңнан астам жұмыс орнының құрылуымен 632,8 миллиард теңге тұратын 73 инвестициялық жоба енгізілгенін жеткізді. 2010-2012 жылдары Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 188,3 миллиард теңгеге 64 жоба пайдалануға беріліп, 5 мың жаңа жұмыс орны ашылғанына тоқталды. Өткен жылы ғана жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге болатын 13 жоба іске қосылып, 400 адам еңбекке тартылған.
Сөз арасында осы пайдалануға берілген кәсіпорындар түгелдей толық қуатында жұмыс істеп тұр ма деген көкейдегі күдігімізді де жасырмадық.
– Жалпы, барлығы да жұмыс істеп тұр. Алайда, іске қосылған жаңа кәсіпорындар толық қуатында жұмыс істеп кетуіне белгілі бір уақыт керек. Соңғы екі жылда пайдалануға берілген 64 жобаның 44-і жоспарлы қуатына шыға бастады Оның ішінде «Восход Ориел», «Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сияқты ірі кәсіпорындар бар. Пайдалануға берілген 20 кәсіпорын 31,2 пайызға жұмыс істеп тұр. Бұлар да кезең-кезеңмен жобалық қуаттарына шығуға бағыт ұстауда. Бір себептермен, технологиялық жағдайда белгілі бір кезеңде тоқтап қалатындары да кездеседі. Бұл маусымдық сипатта жұмыс істейтін салаларға, соның ішінде құрылыс салуға қажетті кірпіш, бетон блоктар, қабырғалық материалдар, қиыршақ тас шығаратын кәсіпорындарға қатысты. Іске қосылған жобалардың жұмысына мониторинг жүргізіледі. Әзірге жүзеге асырылған жобалардың мүлдем тоқтап тұрғандары жоқ. Жаңа нысандарды іске қосу өнім өндіруге анағұрлым серпін берді. 2012 жылдың қорытындысында үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының барлық негізгі көрсеткіші бойынша өсімнің оң қарқыны байқалды, – деді Марат Балмұханов.
Үстіміздегі жылы өңірде жеті жаңа инновациялық жобаны іске қосу көзделуде. Оларға салынатын инвестиция көлемі – 112,0 миллиард теңгені құрайды. Олардың арасында «Қазхром» ТҰК» АҚ-қа қарасты Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 4 цехы бар. Бұл кәсіпорынның алғашқы екі пешін үстіміздегі жылдың қараша айында іске қосу жоспарланған. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталып келеді. Қондырғыларды орнату ыждағаттылықпен атқарылуда. «Стройдеталь» ЖШС жаңа цех құрылысын салып пайдалануға беретін болады. Жаңажол газ өңдеу зауытының үшінші кезегін пайдалануға беретін «Ақтөбемұнайгаз» АҚ қарқынды жұмыс істеуде. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Транспортные технологий» ЖШС-мен бірлесіп салып жатқан рельс зауытына 55 миллиард теңге инвестиция салынатын болады. Бұл зауыт жылына 400 мың тонна темір жол рельстерін шығаруға есептелген. Бұл жобаны жүзеге асыруға «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша тиісінше инженерлік инфрақұрылым жүргізуге 2 миллиард теңге бөлінген.
Облыс орталығынан индустриялық-инновациялық парк салу қолға алынды. Мұнда инженерлік коммуникациялар жүргізу үшін техникалық-экономикалық негіздеме жасалып қойылған. Индустриялық аймақта жалпақ әйнек шығаратын зауыт құрылысы басталмақ. Қазір оның бизнес-жоспары жасалуда. Ыдыстық шыны зауыты да салынады деп күтілуде. Болашақта тұрғын үй құрылысы комбинаты, темір-бето