Ертеңгіні ерте көздеуші кәсіпорындарға өндірістік қуатты дер кезінде толық жаңартып, технологиялық жарақталуды түбегейлі жаңғырту бұлжымас талап болып табылатындығы белгілі. Осындай заңды өзгеріске Жезқазған мыс қорыту зауыты да қадам жасаған болатын. Алайда мұндайда қандай да ұжым мүшелері тарапынан әртүрлі алаңдаушылықтар мен түсінпеушіліктер ұшырайтыны сияқты жайт бұдан бұрын хабарланғандай, бұл кәсіпорын еңбеккерлеріне де абыржыту туғызған еді.

Бірақ әуел бастағы әртүрлі алып-қашпа сөздер соншалықты көңіл өрікпеткендей емес екен. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың араларына келіп, ашық әңгімелесіп, мән-жайды түсіндіруі көп мәселенің басын ашты. Корпорация зауытты кен құрамы кедей концентратты өңдеуге бейімдеп, өнімнің өтімділігін көтеру үшін гидрометаллургиялық заманауи технологияны қолдануға көшуді қарастырған екен. Осыған байланысты оның жұмысын 2 жыл, 3 айға тоқтату туралы Үкіметке ұсыныс береді. Сараптаушылар осы мәселені зерттей келе жұмысшыларды жаппай қысқартуға және еңбекақыны 50 пайызға төмендетуге негіз жоқтығын есептеулер арқылы дәлелдейді. Зауытты қайта құру кезінде жеке құрамды ыдыратпай, жөндеу және қосалқы жұмыстарға пайдалану, басқа өндіріс орындарына орналастыру жөнінде тиімді кеңес берілді.
Дұрыс ұсынысқа дау бар ма? «Қазақмыс» корпорациясы сол бойынша өз мүддесін де, еңбеккерлердің мүддесін де тең ойлау шараларына келісіп, бұл күнде зауытты жаңарту жұмыстарына алаңсыз кіріскелі отыр. Бұл уақытта әрбір жұмысшы мен қызметшінің еңбекақысын, әлеуметтік төлемдерді толық көлемінде сақтауды және төлеуді міндетіне алды.
Осынау оқиға кезінде өңір келешегінің бұлдырлығы жөнінде алыпқашты ескі сөздер тағы бір қылаң бермей қалмағанын қалай айтпасқа. Бірақ олай емес екен. Керісінше, зауыт болашағы жарқындығы білініп, қайран қалдырады. Тарихы ширек ғасырлық мыс қорыту зауытына енді тың тыныс бітпек. Аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 177 млрд. теңгенің көл-көсір жұмыстары жүргізілетіндігі, Жезқазған-Бейнеу темір жолы іске қосылғалы отырғандығы осының тамаша айғағы.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ЖЕЗҚАЗҒАН.