Оңтүстікке атбасын бұрып, қазығын қаққан ірі инвестор ретінде Германия елін айтуға болады. Жақында аймақ басшылары мен германиялық «Rromodis Energy» компаниясының жетекшілері «Оңтүстік Грин Энерджи» бірлескен кәсіпорнын құру туралы құрылтай құжаттарына қол қойды. 300 жылдық тарихы бар «Rromodis Energy» компаниясы негізінен фотоэлектрлі станcа, биогаздық қондырғы сияқты жаңғыртылатын энергия көздерінен қуат алатын нысандар салумен айналысады. Қазір облыс тұрғындарының 50 пайызы энергия тапшылығын сезініп отыр. Қыста 230 мегаватт, жазда 175 мегаватт сырттан тасымалданады. Осы олқылықтың орнын толтырып қана қоймай, бірлескен жоба аясында қала мектептерінде күн батареяларын, көшелер мен саябақтарда қуат үнемдегіш шамдар орнату жоспарлануда.

Бүгінде инвесторлар аудандарға да кеңінен тартылуда. Сонау Қаратаудың қойнауында жатқан өндірісті қала Кентауда да осы мәселеде көңіл қуантарлық тірліктер көп. Биыл Қаратау тәжі – Кентау қаласы 50040 млн. теңгеге инвестиция тартып отыр. Ол жаңа жобаларды, атап айтар болсақ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ электр-изоляциялық, механикалық цехының жобасын алайық. Жобаның құны – 1 млрд. 200 мың теңге. Жаңадан 110 адамды жұмыспен қамтимын деп отыр. Бұл жоба үстіміздегі жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарланған.
Содан кейінгісі – «Экскаватор» АҚ-тың темір-бетон шпал өнімдерін шығару жобасы. Мұның құны – 1 млрд. 400 мың теңге. Олар 50 жаңа жұмыс орнын ашпақ. Жоба 2013 жылдың қыркүйек айында іске қосылуы тиіс. Инвесторы – «Қазақстан Теміржолы» АҚ. Үшіншісі – «Оңтүстік аяқ-киім фабрикасы» өндірісінің жобасы. Жобаның құны – 345 млн. теңге. Онда 57 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бұл фабрика жоспар бойынша осы жылдың қазан айында пайдалануға берілуі керек.
Өндірілген электр энергиясын сақтай білу керек. Сонда ғана күннен алатын қуатты түнде де пайдалана аламыз. Бұл ретте жақында Оңтүстікке арнайы келген италиялық кәсіпкерлердің өз ұсыныстары бар. Италиялық кәсіпкер Джанни Форабоскидің компаниясы қуатты сақтаушы жаңа аккумулятор ойлап тапқан. Соны технологияны өнідіріске пайдалану ісін Қазақстаннан бастау үшін облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевпен кездесіп, бірқатар келісімдерге қол қойды.
Әлемде қуат сақтау технологиясы бар. Бірақ ол өте қымбат. Ал италиялықтардың ұсынған жаңа жобасы оңай әрі арзан. Сондықтан бұл келісім Оңтүстік үшін өте тиімді болмақ. Содан болар 100 мегаваттық электр стансаларын салу жоспарлануда. Судан, желден және күннен алынбақ қуаттардың ішінде ғалымдар күннен келетін қуаттың тиімді екенін айтады. 2013 жылы облыстық әкімдіктің қолдауымен қазақстандық қолданысты қамту мақсатында жылына 250 мың шам шығаратын, құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын және 40-50 адамды жұмыспен қамтитын зауыт салынады. Қазіргі таңда бұл жобаның қаржылық мәселесі шешілген және жері бөлінген. Бүгінгі таңда облыс экономикасына 264 млн. АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартылды. Оңтүстіктегі оңды жобалардың бірқатары міне, осындай.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.