03 Тамыз, 2013

Инновациялық даму жолында

962 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

кайнар 3Ел экономикасының өркендеп өсуінің негізгі бір тірегі – инновациялық тұрғыдан дамуы болып табылады. Бұл ретте Алматы облысының орталығы болып белгіленгеннен бері Талдықорған қаласында бұрынғы өндіріс орындары қайта құрылып, жаңа өндіріс орындары ашылып, тұрғылықты халықты жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Сонымен қатар, жеке компаниялардың өз қаражатын зерттеулер мен инновацияларға салуын ынталандыру керек. Мына нәрсені баса айтқым келеді: инновацияларды енгізудің маңызы зор, бірақ бұл басты нысана емес. Біздің жаңа технологиялар сұранысқа ие болғанда, олар нарықта қажет болғанда ғана ел нақты пайда алатын болады. Олай болмаған күнде инновация – ақшаны босқа шығындау деген сөз», деп нақтылады. Бағыт бар. Ал инновациялық даму ауылдар мен қалаларда қалай жүруде?

 Ел экономикасының өркендеп өсуінің негізгі бір тірегі – инновациялық тұрғыдан дамуы болып табылады. Бұл ретте Алматы облысының орталығы болып белгіленгеннен бері Талдықорған қаласында бұрынғы өндіріс орындары қайта құрылып, жаңа өндіріс орындары ашылып, тұрғылықты халықты жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Сонымен қатар, жеке компаниялардың өз қаражатын зерттеулер мен инновацияларға салуын ынталандыру керек. Мына нәрсені баса айтқым келеді: инновацияларды енгізудің маңызы зор, бірақ бұл басты нысана емес. Біздің жаңа технологиялар сұранысқа ие болғанда, олар нарықта қажет болғанда ғана ел нақты пайда алатын болады. Олай болмаған күнде инновация – ақшаны босқа шығындау деген сөз», деп нақтылады. Бағыт бар. Ал инновациялық даму ауылдар мен қалаларда қалай жүруде?

кайнар 3

Жетісудың кіндік қаласында автокөліктерге, ауылшаруашылық және әскери техникаларға арналған аккумуляторлық батареялар шығаратын «Қайнар-АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің іргесі осыдан 38 жыл бұрын қаланғанымен, өтпелі кезең қиындықтары өз кедергілерін тосқаны әмбеге аян. Бірақ уақыт талабына сай заңнама шеңберінде қайта құрылып, өнім өндіру жұмысын бастаған еді. Енді жыл сайын 1800000 дана аккумулятор батареяларын шығарады. Былтырғы жылы 9604,8 млн. теңгенің өнімін өндірсе, ағымдағы жылдың бес айында бұл көрсеткішті 3,3 млрд. теңгеге жеткізіп, өсу қарқыны 104,5 пайыз болып отыр. Біле-білсек бұл – кәсіпорында тынбай еңбек етіп жүрген 756 адамның табан ет, маңдай терінің өтеуі. Қарапайым халықтың сол еңбегі кәсіпорын басшысы Ербол Әжмағамбетов пен ұжым тарапынан оңды бағаланып, орташа айлық еңбекақы 63600 теңге болып бекітіліп, еш кедергісіз белгіленген күні төленетіні өз алдына.

«Былтырғы жылдың сәуір айында «Қайнар-АКБ» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінде италиялық өндіріс үлгісімен құны 545,7 миллион теңге тұратын, яғни осыған дейін пайдаланылған аккумуляторлық батареяларды механикалық өңдеу цехы іске қосылды. Бір жылда 14400 тонна өнім шығарады. Осы өндірісті кеңейту арқылы бұрынғыдан тыс бес жұмыс орны ашылуына себепші болдық. Тағы бір баса айтар жайт, Қазақстандағы бірінші әрі бірегей жоба – қорғасынмен өзіндік қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, жоғары улағыш қорғасыны бар және күкірт қышқылды материалдарды экологиялық айналымнан шығару үшін пайдаланылатын аккумуляторларды өңдеу бойынша инновациялық жоба енгізілді», деді Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов.

Инновациялық даму үрдісі бойынша Талдықорғанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды дамытуда электрмен қамту желілерін ұзарту, кабельдік желілерді құрастыру, қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ал аймақтық индус­трияландыру картасына келсек, Қазақстан Республикасының аумағында бұрын шығарылмаған, индустриялық (стационарлы жүк) қорғасын-сілтілі аккумуляторлық батареяларды игеру жобасы да қала басшылығының қолдап, мүмкіндігінше көмек көрсетуімен өз мәнінде жүзеге асырылуда. 2011 жылдың қазанында бастау алған бұл жоба құны – 570 млн. теңге. Жобалық қуаты 10 мың аккумулятор болатын өндіріс орнында жаңадан 80 жұмыс орны ашылған. Ағымдағы жылдың бес айында 100 млн. теңгеге 10 мың дана аккумулятор батареялары өндірілді.

Қорыта айтқанда, бұғанасы бекіген кәсіпорындардың қала экономикасын дамыған үстіне дамыта түсуге қосар үлесі зор. Мұны халық еліміздің өркениетке қадам ба