03 Тамыз, 2013

Ислам – тәуелсіз еліміздің рухани тірегі

619 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

мечеть в алматыАлла тағаланың теңдессіз сыйы – Отанымыздың тәуелсіздігін баян­ды ете түсу үшін көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматқа артылар сенім мен талап зор. Бұл қа­дам өкілеттігі әртүрлі кез кел­ген саладағы істі атқаруға тиіс барша қазақстандықтарға үл­кен жауапкершілік жүктейді. Мем­ле­кеттің мерейін үстем ету жолында әлемдік тәжірибенің ең озығы мен ең жаңашылын таңдап алу үшін елдің әрбір азаматынан білімділік пен біліктілік талап етіледі.

Ислам дінінің қазақ топырағына жеткеніне 1250 жылдан асты. Өз табиғаты мен болмысына барынша жақын асыл дінді танып-білген бабаларымыз оны сонау VIII ғасырда-ақ қабылдаған. Содан бері ислам жұртымыздың жүрер жолы, бағыт-бағдары, қорғаны, тірегі де болып келеді. Ел басына күн туып, ұлттың сақталып қалуын таразылар шақ туғанда да ата дініміз көңілге медеу, күш-қуат болды, солай болып та келеді.

 

мечеть в алматы

СӨЗ БАСЫ

Алла тағаланың теңдессіз сыйы – Отанымыздың тәуелсіздігін баян­ды ете түсу үшін көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматқа артылар сенім мен талап зор. Бұл қа­дам өкілеттігі әртүрлі кез кел­ген саладағы істі атқаруға тиіс барша қазақстандықтарға үл­кен жауапкершілік жүктейді. Мем­ле­кеттің мерейін үстем ету жолында әлемдік тәжірибенің ең озығы мен ең жаңашылын таңдап алу үшін елдің әрбір азаматынан білімділік пен біліктілік талап етіледі.

Mufty 05 copyИслам дінінің қазақ топырағына жеткеніне 1250 жылдан асты. Өз табиғаты мен болмысына барынша жақын асыл дінді танып-білген бабаларымыз оны сонау VIII ғасырда-ақ қабылдаған. Содан бері ислам жұртымыздың жүрер жолы, бағыт-бағдары, қорғаны, тірегі де болып келеді. Ел басына күн туып, ұлттың сақталып қалуын таразылар шақ туғанда да ата дініміз көңілге медеу, күш-қуат болды, солай болып та келеді.

Аллаға шүкір, еліміз тұрақты даму үстінде. Қазақ жерінде сан алуан ұлт пен ұлыстардың өкілі тату-тәтті ғұмыр кешуде. Осының бәрі Алаш еліне берген Тәңірдің тартуы, өлшемсіз рақымы десек, сол тәуелсіз елдің тұғырын тұғырлап, туын берік ұстайтын ел басшысын тағайындап беруі тағы бір үлкен мейірімі, нығметі деп түсінгеніміз абзал.

ҰЛТТЫ ЫНТЫМАҚҚА ҰЙЫТТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің өркендеуіне, мығым мемлекет болып қалып­тасуына ерен еңбек сіңіріп ке­леді. Соның ішінде ұлттық бол­мы­сымыздың, діліміздің діңгегі болып табылатын асыл дініміздің қайта жандануына, әрі қарай дамуына қосқан үлесі де үлкен.

Айталық, әу баста Қазақстан мұсылмандарының дербес діни басқармасының құрылуына тікелей ықпал жасады. Жастардың рухани білім алуына жол ашты. Қаншама мешіт-медреселердің салынуына тікелей қолдау көрсетті. Облыс орталықтарындағы зәулім-зәулім еңселі мешіттердің бой көтеруі сөзіміздің айғағы. Сондай-ақ, қазақ жастарының өз жерінде діни ислами білім алуы үшін іргелі оқу ордасының іргетасын қалады. Ел мұсылмандарының Меккеге еркін түрде қажылыққа баруына жағдай жасады. Осының барлығы «Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік», деген қағиданы ұстанған Елбасының асыл дініміздің жанашыры екенін айғақтайды. Елбасы еліміздің рухани тұрғыдан дамуына қатысты байсалды шешім­де­рі арқылы материалдық бақуат­тылықпен бірге рухани байлықты да ешқашан естен шығармау қажеттігіне басымдық беріп келеді.

Қазақстанда ислам дінін да­мы­туға бағытталған іс-шаралар Алланың қалауымен, Елбасының тікелей қолдауымен жүзеге асуда. «Сындарлы он жыл» атты кітабында «әлемдегі лаңкестіктің түпкі себебі дамудың теңсіздігінде жатыр» деп атап көрсеткен Пре­зи­дентіміз діннің бөлуші, іріткі салушы емес, керісінше, елдің ең­сесін көтеретін, мемлекетті рухани дағдарыстардан құтқаратын, халықты имандылыққа ұйысты­ра­тын фактор екенін алға тартады. Елбасы бір сөзінде: «Халық Алласына, Тәңіріне сеніп, ертеңгі күнін ар жақтағы ана дү ниеге ба­ратын күнін ойлап, дүниеде мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед Пай­ғам­барымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін», – деу арқылы халқымызды ізгілікке үндеп, ұлы мақсаттарға жетелеп келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өзінің сан-салалы қызметін Мемлекет басшысының ішкі-сыртқы салиқалы саясаты­на қолдау білдіре отырып, көп ұлтты, көп конфессиялы елі­міз­дің ынтымағы мен бірлігін кү­шейте түсуге бағыттап келеді. Өйткені, дін адамдары қашанда бейбітшілік, әділдік, имандылық туын көтерушілер қатарынан табылуы тиіс. Алла тағала адам баласына бейбітшілік пен әділдікті сый етті. Олай болса, Жаратушы Иеміздің теңдессіз сыйын, бағасын біліп, қастерлеуге тиіспіз.

Елбасы әр үш жыл сайын елі­міз­де өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының бір үстел басында ымыраға ке­ліп, ынтымақ жайлы пікір алма­су­ларына ұйытқы бола білді. Өйт­кені, қазіргідей алмағайып за­манда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау өзекті мә­селелердің бірі. Қай діннің өкі­лі болсын, өз тіршілігінің тыныш­тығын, тұрақтылықты қолдайды.

Осы тұрғыдан алғанда діндер арасындағы үнқатысуды дамыту бүкіл әлемдік жауапкершілік. Ал осы жауапкершіліктің тізгініне әлемге танымал Қазақстан атты мұсылман елінің ие болуы көп жайтты аңғартса керек. Біріншіден, бұл елімізде басқаларға үлгі ретінде ұсынуға болатын сан алуан ұлттар мен діндер арасындағы татулықтың, бейбітшіл халықтың бар екендігін білдіреді. Екіншіден, елдің басым көпшілігі ұстанатын Ислам дінінің кеңпейілділігін, басқалармен ортақ келісімге келе алатындығын көрсетеді. Осындай жаһандық жиын арқылы біз еліміздің, дініміз бен діліміздің қандай екендігін жалпақ жұртқа жария ете аламыз.

Діндер арасындағы үнқатысу мұсылманшылыққа да жат дүние емес. Алла тағала Пайғамбарға (с.ғ.с.) басқа дін өкілдерімен сұхбат құруға шақырған.

Алла тағала былай дейді: (Айт, уа, Пайғамбар) «Уа, Кітап иелері! Қанеки, келіңдер, бізге де, сендерге де ортақ сөзге [тоқтамға] келейік те, Алладан басқа еш­теңеге табынбайық, Оған еш­те­ңені серік етіп қоспайық, бір-бірімізді Алламен бірге ие тұт­пайық» деп айт. Егер де олар те­ріс айналса, «Біздің мұсылман екендігімізге куәгер болыңдар» деп айтыңдар» (Әли Имран сүресі, 64-аят).

Осылайша, ислам діні хрис­тиандар мен яһудилерді еш серік қос­пай, тек Құдайға ғана табынуға шақырады, сонымен бірге, тіп­ті, Алла мен ақырет күніне сен­бей­тін дінсіздерге де мейлінше мейі­ріммен және түсіністікпен қарауға нұсқайды.

ӨҢІРЛЕРДЕ 598 ИМАМҒА 805 САҒАТ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

2013 жылдың ақпан айындаАстанада өткен Қазақстан мұ­сылмандарының VII құрыл­тайы­нан кейін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев діни басқар­ма­ның өкіл имамдарымен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы­ келелі кездесуде исламның хал­қымыздың сан ғасырдан бері рухани құндылығы болып саналатынын айтып, еліміздегі дініміздің дұрыс бағытта дамуы дін мамандарына байланысты екеніне баса назар аударды және асыл дініміз исламның қызметкерлері ретінде біздерге сенім артты. Елбасы имамдардың қоғамдағы орны мен жауапкершілігі, ел бірлігі мен мұсылмандардың ауызбіршілігін нығайту жолындағы рөлін айрықша атап өтті. Президент діни басқарма мен мемлекеттік мекемелер ара­сын­дағы рухани-ағартушылық, сон­дай-ақ, әлеуметтік саладағы ын­тымақтастықты нығайта түсуге жете көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы дін қайрат­кер­леріне, имамдарға былай деді: «Еліміздегі дәстүрлі исламның бір­­ден-бір мойындалған құрылымы – Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масы. Діни қатынастарды реттейтін жақында қабылданған Заңда мемлекет халқымыздың рухани өмірінде исламның ханафи ба­ғы­тының орны мен рөлін мойындай­ты­­ны атап көрсетілді. Бұл – өте дұ­рыс. Қазақ­стан – зайырлы мемлекет. Сон­дық­тан біз­дің дін саласындағы саясаты­мыз кон­фессияаралық татулық пен тағаттылықты нығайтуға бағытталған. Біз­де діни сенім бостандығына Консти­ту­ция кепілдік береді. Діни басқарма өкілдері тек дін саласында ғана емес, өзге салаларда да өз білім-біліктерін арттыруға тиіс».

Қазірде аймақтарда