Кәсіпқой бокс • 21 Қаңтар, 2020

Боксшылар әлемдік рейтингте жоғарылады

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстағы ең атақты төрт ұйым­ның көшін бастап тұрған Дүние­­жүзілік бокс кеңесі (WBC) кеше бокс­шылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Боксшылар әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстандық боксшылар арасында ең үздік көрсеткіш орта салмақтағы WBC Continental Americas белдігіне ие Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Ол жаңарған рейтингте үш саты жоғарылап, 10-орынға тұрақтады. Кейінгі орындарға бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Continental Americas чемпио­ны Батыр Жүкембаев – 12, жеңіл сал­мақтағы WBC International титулының иегері Виктор Коточигов – 13, екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпионы Әли Ахмедов – 14, орта салмақтағы USNBC чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов – 20 және WBC Asia белдігінің иегері Айдос Ербосынұлы – 24 орынға көтерілді. Сондай-ақ орта салмақтағы Қанат Ислам да 24-орынға тұрақтаған.