Екі жарыста отандастарымыз жалпы саны 8 медаль олжалады. Атап айтар болсақ, Францияда өткен Гран-при бәсекесінде Аманғали Бекболатов (55 кг) пен Демеу Жадыраев (77 кг) барлық қарсыластарынан басым түсіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді. Сондай-ақ 130 кило салмақта белдескен Нұрмахан Тінәлиев күміс жүлдеге ие болса, Жансерік Сәрсенбиев (55 кг) пен Алмат Кебіспаев (67 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.
Римдегі Matteo Pellicone халықаралық рейтингтік турнирінде 61 килода күрескен Нұрислам Санаев финалда жеңіліп, күміс медаль олжаласа, дәл осы салмақта тағы бір отандасымыз Нұрболат Әбдуалиев қола жүлдені қоржынына салды. Сондай-ақ Данияр Қайсанов (74 кг) пен Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) та қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.