Қазақстан • 21 Қаңтар, 2020

Еуропалық Парламент депутаттары Қазақстандағы жаңа реформаларға қатысты пікір білдірді

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық Кеңесінің 17-ші отырысына қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Еуропалық Парламент депутаттары Қазақстандағы жаңа реформаларға қатысты пікір білдірді

Шара барысында Еуропалық Комиссияның вице-президенті - ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл, сондай-ақ, Еуропалық Парламент депутаттары тобымен, оның ішінде ҚР-ЕО Достық тобы және Орталық Азия мен Моңғолия бойынша Еуропарламент делегациясының мүшелерімен кездесті.

Еуропалық Парламент депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа демократиялық реформаларының әлеуетін атап өтті. Депутаттар Президенттің елдегі өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу туралы шешімін, сондай-ақ, бейбіт жиналыстар, жала жабуды декриминализациялау, саяси партиялар құру үшін шегін төмендету жөніндегі заң жобаларын дайындау бастамаларын қолдады.