03 Тамыз, 2013

Күретамыр бағыт анық болуы керек

337 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Сайлау-2013Алда – ауыл әкімдерінің сайлауы. Оның қай деңгейде өтпегі мен көңілден шықпағы баршаға, жалпы халыққа сын болғалы тұр. Себебі, бұл сайлау 17 млн. халықтың 7,5 млн.-нан астамының құқығын анықтайтын алғашқы сайлау. 7,5 млн. дегеніміз, ауылда жер еміп, мал бағып отырған қарапайым адамдар. Демек, бұл олардың тағдырына тікелей қатысы бар сайлау деген сөз. Ал науқанның көп көңілінен шығуы үшін, әрине, жан-жақты бақылау, терең қадағалау, мықты талап қажет. Ауыл әкімдерінің сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия, міне, осы мақсатта құрылыпты.

 

Алда – ауыл әкімдерінің сайлауы. Оның қай деңгейде өтпегі мен көңілден шықпағы баршаға, жалпы халыққа сын болғалы тұр. Себебі, бұл сайлау 17 млн. халықтың 7,5 млн.-нан астамының құқығын анықтайтын алғашқы сайлау. 7,5 млн. дегеніміз, ауылда жер еміп, мал бағып отырған қарапайым адамдар. Демек, бұл олардың тағдырына тікелей қатысы бар сайлау деген сөз. Ал науқанның көп көңілінен шығуы үшін, әрине, жан-жақты бақылау, терең қадағалау, мықты талап қажет. Ауыл әкімдерінің сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия, міне, осы мақсатта құрылыпты.

Құрамына әртүрлі саланың белді өкілдерін, атап айтқанда, «Қазақстан Жазушылар одағы» ҚБ төрағасы Нұрлан Оразалин, «Қазақстан бас редакторлар­ клубы» РҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай, Қазақстан гумани­тар­лық-саяси конъюнктура орта­лы­ғының президенті Есенжол Алияров, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рахилям Махпирова, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева, «Демократия институты» ҒЗҚ ҚБ жобалар бойынша директоры Юлия Кучинская сынды азаматтар мен азаматшалардың басын біріктіріпті. Комиссияның төрағасы – «Қазақстан Рес­пуб­ликасы ардагерлері ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев.

Жақында осы комиссия мү­шелері жиын өткізіп, өздерінің алға қойған міндеттері турасын­да айтып берді. Өмірзақ Озған­баев 5-9 тамыз аралығында бай­тақ еліміздің барлық дерлік аума­ғындағы ауылдық округтерде және аудандық бағыныстағы қалаларда ауыл әкімдерінің сайлауы өтетіндігін, комиссияның жұмысы осы сайлауды қада­ға­лауға тікелей тірелетіндігін атап өтті.

«Әрине, бұған дейін де біз­дің елімізде жекелеген өлке­лер­де, өңірлерде эксперимент ретінде сайлау өткен болатын. Сол эксперименттердің қоры­тындысын жинақтай келе, өткен жылы 14 желтоқсанда жарияланған Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында де­мократиялық процестерге, оның ішінде ауыл әкімдерін сайлауға ерекше мән бергені белгілі. Міне, осыған байланысты қазір осындай сайлау бүкіл еліміз бойынша өткелі отыр. Бұл 2457 округтен баламалы негіздегі сайлауға үміткер болып ұсынылған кан­ди­даттардың саны – 7173», – деді Ө.Озғанбаев. Оның айтуынша, Астанада орталық штабы орналасқан республикалық комиссия бүгінде ресми тіркеуден өтіп, өз жұмысын бастап кеткен.

Кездесуде сөз алған Нұрлан Оразалин былай деді: «Біздегі әрбір жаңалықты, әрбір болып жатқан оқиғаны, адамзат баласына ортақ құндылықтарды ескере келіп, яғни, мемлекет құру бол­сын, демократияға үйрену болсын, құқықтық негізде жұмыс істеу үлгілері болсын, бәрін біз әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде соған бейімдеп жасап отырмыз. 7,5 млн. халықтың басын құрайтын бұл сайлау қалай өтуі керек? 7,5 млн. дегеніміз, ауылдағы отандастарымыз. Демек, сол ауылдарда жер емген, мал баққан, көп нәрсеге енді-енді бейімделе бастаған халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар сайлау бұл. Ол барлығымыздың ортақ абыройымызды қамтамасыз ететін, ортақ мақсат-мүддемізді жүзеге асыратын демократиялық мектептің алғашқы үлгісі деп қабылдауымыз керек. Әрбір азамат өзінің көшін бастайтын азаматын, әрбір ауыл өзінің көшін бастайтын басшысын дәл анықтаса және соған сеніп, соған еріп, болашақта біздің елдік тұтастығымызды сақтайтын бағытта жұмыс істесе деп отырмыз. Бізде басқа, бөтен ешқандай мақсат жоқ. Елге көмектесу, елге әділ де ашық сайлаудың өтуіне мұрындық болу.

Демократия деген әдемі сөз, жақсы сөз, мағыналы сөз. Демократия өткір пышақ та секілді. Демократия деген айдармен қай жерде қандай кемшіліктер мен ақауларды жібергенімізді білеміз. Дәл осы жолы біздің қандастарымыз, жер-жердегі, ауыл-ауылдағы ағайындарымыз қате