1 тамызда Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Қайрат Омаров Вашингтонда Америка азаматына Қазақстанға бару үшін алғашқы бесжылдық көп реттік визаны ресми түрде табыс етті. Бұл Қазақстанға тамыз айында сапар шегуді жоспарлап отырған АҚШ Конгресінің мүшесі Эни Фалеомаваега болды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Э.Фалеомаваега осы сәттің нышандылығын атай отырып, Қазақстанның саяси тұрақтылығы, экономикалық өркендеуі және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы ұстанымы Қазақстанның ашықтығы мен АҚШ-тың стратегиялық әріптесі ретіндегі сенімділігіне септігін тигізеді деген пікір білдірді.
Ал бесжылдық қазақстандық визасын Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулдығынан алғашқы болып алған америкалық азамат Стивен Росе болды. «Мен Қазақстанға бесжылдық визаны алған америкалық азаматтар ішінде алғашқылардың бірі болғаныма қуаныштымын. Маған сіздің елдеріңіз қатты ұнайды, онда менің достарым тұрады, енді мен оларға жиі барып тұратын болам», деді ол.
Бес жылдық виза екі ел сыртқы саяси ведомстволарының табысты жұмысының, сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың АҚШ-қа жуырдағы сапарының маңызды нәтижелерінің бірі болып табылады.
Қазақстан ТМД елдері ішіндегі АҚШ-пен мұндай визалық режім жөнінде уағдаласқан бірінші ел.