Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020

Таразда жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы күрес мәселесі қаралды

813 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда нашақорлық қоғамның дертіне айналып отыр. Бұл ретте жасөспірімдердің өмірін нашақорлықтан арашалау мәселесі маңызды. Осы орайда, Жамбыл облысының Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жамбыл облыстық білім басқармасымен бірлесіп «Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Таразда жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы күрес мәселесі қаралды

Аталған шараға Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері, білім, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және Тараз қаласы орта мектептерінің директорлары қатысты.

Бүгінде бұл мәселенің қоғам үшін өте өзекті екені белгілі. Кездесу барысында синтетикалық есірткінің зияны туралы мәселелі ойлар талқыланып, нәтижесінде нашақорлықтың алдын алу бойынша 2020 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары жасалды.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ, жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың  11 қаңтарында заңды күшіне енген есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау секілді қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа баптары да көпшілікке таныстырылды.

 

Жамбыл облысы