Қазақстан • 21 Қаңтар, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңестің отырысына қатысты

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңестің отырысына қатысты

Жиында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 107-бабының 8) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы мәселе қаралды.

– Азаматтардың тұрғын үй құқықтарын іске асыру мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Мәми бүгінгі отырыс еліміздің конституциялық дамуы тарихында айтулы оқиға екенін атап өтті.

У
– Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойы мүшесі, - деді Қ.Мәми.

Іс-шара барысында Үкімет, Парламент Сенаты және Мәжілісі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура өкілдері мен сарапшылардың пікірі тыңдалды.

У

Заңның аталған нормасы жетілмегені және азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіруі мүмкін екендігі айтылды.

Жиынға қатысушылардың пікірлері мен жауаптарынан кейін Конституциялық Кеңес нормативтік қаулы қабылдады. Аталған қаулы басылымдарда жарияланады.

– Мемлекеттік әлеуметтік саясат тұрғысынан заңнамалық базаны жетілдіру ерекше маңызға ие, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, тұрғын үй құқығын іске асыру мәселесі халықтың әл-ауқатына тікелей байланысты екендігі айтылды.

У

– Менің тапсырмам бойынша бірнеше мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Бұрын баспана сатып алуға мүмкіндігі болмаған қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің қол жетімділігі қамтамасыз етілді, - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Ата Заңды құрметтеу және қатаң сақтау елдің сәтті дамуының кепілі екендігін және Конституцияның 25 жылдық мерейтойы қарсаңында бұл мәселенің өзектілігі артып отырғанын атап өтті.

В