Экономика • 22 Қаңтар, 2020

«ҚазАгро» сыртқы қарызын толық өтеді

205 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің қаржы инс­титуттары арқылы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін қар­жыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Былтыр «ҚазАгро» холдингі агроөнеркәсіп кешені субъектілерін 477 млрд-тан астам теңгеге қаржыландырды.

«ҚазАгро» сыртқы қарызын толық өтеді

Оның ішінде ауыл ша­руа­­шы­­­лы­­ғын несиелеуге және ауыл­­­ша­руа­шылық тех­ника­сы­ның ли­зингіне 448 млрд-тан ас­там теңге және бидай сатып алуға 29 млрд теңгеге жуық қара­жат бағыт­талды. Айта кете­лік, 2018 жылы бұл ба­ғыттағы қар­жы­л­андыру көлемі 400 млрд тең­гені құрап, соның ішінде 385 млрд теңге несие мен лизингке, 15 млрд теңге бидай сатып алуға бағытталған болатын.

«ҚазАгро» холдингінің не­сиелік портфелі 886 млрд теңге көр­­сеткішке жетіп, қарыз алу­шы­лар саны 77 мыңға дейін өс­ті. Оның 97 пайыздан ас­там үле­сі шағын және орта бизнес өкі­л­деріне тиесілі. Ұлттық хол­динг­­тің қаржылық қолдауы ар­қы­лы өткен жылы 37 мың ауыл тұр­ғы­ны жұмыспен қамтылып, жаңа жұмыс орындарына ие болды.

«ҚазАгро» холдингі бас­пасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылы жалпы құны 84 млрд теңгені құрайтын 56 инвестициялық жоба қар­жы­ландырылды, соның ішінде 21 млрд теңге сомасына 24 жоба іске қосылды, 770 жұмыс орны құрылды. 2020 жылы 56 млрд теңге сомасына 31 ин­вестициялық жобаны іске қосу жоспарланып, оның есе­сіне 3 мың жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Қазір қар­жы­ландыруға өтінімдерді қабыл­дау жалғасуда.

Былтырғы Мемлекет бас­­­шы­­сы­ның сынынан соң «ҚазАгро» холдингі өз қыз­метін реформалау мен тиімді­лігін арттыруға бағыт­тал­ған шараларды жүзеге асы­ру­да. Холдинг корпоративтік ба­с­­­қару сапасын арттыру мақ­са­тын­­да еншілес компаниялар са­­нын қысқарту шеңберін­де «ҚазАгроКепіл» АҚ кәсіпор­нын «Ауыл ша­руа­шылы­ғын қар­­жы­лай қол­­дау қоры» АҚ-қа қосу, «ҚазАгроӨнім» АҚ кә­сіп­­ор­нын «Аграрлық несие кор­­порация­сы» АҚ-қа қосу және «Қаз­агро­мар­кетинг» АҚ ұйы­мын тарату жұм­ыс­тарын жүр­гізді. Сонымен қатар 2020 жылы «Азық-түлік келі­сім­шарт корпорациясы» ҰК» АҚ өз қы­зметін Ауыл шаруа­шы­­­лығы министрлігінің құра­мын­­д­а жалғастыратыны туралы ше­шім қабылданды. Осылай­ша хол­­дингтің құрылымын­да 3 ар­­найы қаржыландыру­шы компа­ния­ қалатын болады. Бұл ретте «Аг­рарлық несие корпорация­сы» АҚ АӨК субъек­тілерін несие­лен­діру, не­сие серіктестерін, микро­қар­жы ұйы­м­дарын, екінші дең­гей­лі банк­тер мен лизингтік ком­пания­­ларды қорландырумен айналысады.

Ал «Ауыл шаруашылығын қар­­­жы­­лай қолдау қоры» АҚ шағын биз­­несті микро­қар­жы­лан­дыру, қа­рыз­­дар­ды кепіл­ден­­діру, АӨК сақ­­тан­дыру жү­йе­сіне қатысуды жү­­зе­ге асырса, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл ша­­ру­а­­шылығы техникасы мен жаб­­­дықтарының лизингін береді.

Айта кетелік, былтыр «Қаз­Агро» холдингі сырт­қы валю­та­­­лық борыштарын толығы­мен өтеп, 2020 жы­лдың қорытын­дысы бойын­ша пайдаға шығу мақ­сатында трансформация бағдарла­масын қабылдаған болатын.