Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шымкент қаласы экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан шаһар екенін айтқан қала басшысы аймақта шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс дамып келетінін жеткізді.
Сондай-ақ әкім мегаполис Еуропа, Таяу Шығыс, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД елдерімен теміржол және әуе арқылы байланысатынын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін мәлімдеді.