Спорт • 22 Қаңтар, 2020

Аманғали Бекболатов: Франциядағы турнир үлкен тәжірибе сыйлады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Ницца қаласындағы Гран-при турнирі аяқталды. Аталған сында грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Аманғали Бекболатов топ жарған болатын. Бұл туралы Olimpic.kz хабарлады.

Аманғали Бекболатов: Франциядағы турнир үлкен тәжірибе сыйлады

«Франциядағы Гран-при бәсекесі өте мықты балуандардың басын қосты. Турнирге Олимпиада, әлем чемпиондары мен Еуропа және Азия біріншіліктерінде көзге түскен балуандар келді, сондықтан мұндай айтулы додада жеңіске жету мен үшін үлкен мәртебе Ницца кілемінде Армениялық балуанды 8:0 есебімен ұттым. Кейін командаласым бейсболисты атлетик турнир мен үшін үлкен тәжірибе болды» делінген хабарламада.

Айта кетелік, Аманғали Бекболатов үш жылдан бері ұлттық құрама намысын қорғауда. Ол 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.