Президент • 22 Қаңтар, 2020

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

«Жұма күні, яғни 2020 жылдың 24 қаңтарында Үкімет үйінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады» делінген жазбада.