Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020

Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығынан республикалық маңызы бар 4 тасжолда қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды

Белгілі болғандай, Өскемен-Риддер-РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Белоусовка-Риддер) тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалыс шектелген. Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Глубокое-Шемонаиха) тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне жолда жүруге тыйым салынды. Семей-Қайнар тасжолының 8-144 шақырымы аралығында (Семей-Саржал), Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолының 105-123 шақырымы аралығында (Шемонаиха- РФ шекарасы) жол жабылды.

Хабарда атап өтілгендей, республикалық маңыздағы тас жолдарда 773 техника жұмыс жасап жатыр.

Сондай-ақ Ұлттық компания жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды, белгіленген жылдамдықты асырмауды, қозғалыс ара қашықтығын сақтауды және негізсіз орағыту мен бірден тежегішті басудан бас тартуды ескертті.

«Жолға қысқы дөңгелекпен ғана шығу керек. Төтенше оқиға орын алған жағдайда 1403 қысқа нөміріне хабарласа аласыздар», делінген хабарламада.