Сонымен бірге аталған мәдени шара аясында Кәріпбектің «Шын жүрегіммен құттықтаймын» атты кітап-альбомының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.
Үш бөлімнен тұратын жаңа туындыда Кәріпбектің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты қамтылған. Бірінші бөлімде оның әр жылдары салынған 100 картинасы өнертанушылық талдау материалдарымен қоса көрініс тапса, екінші бөлім тұтастай Қазақстанның ядролық қарусыз болашаққа қарсы күрестегі қызметіне арналған. Ал соңғы бөлімде антиядролық қозғалыс белсендісі қатысқан барлық халықаралық форум, оның жұмыстары ұсынылған көрмелер турасындағы мағлұматтар топтастырылыпты.
«Кітапта Кәріпбектің балалық шағы туралы материалдар және оның өмірбаянынан алынған деректер бар. Туынды суретшінің «Кәріпбек Күйіковтің өмір сүру ережелері» атты сұхбатының топтамасымен түйінделеді. Бұл кітап төрт ай ішінде құрастырылды», дейді облыстық бейнелеу өнері мұражайы басшысының орынбасары Александр Гехт.
«Рухани жаңғыру» жобасы аясында жарық көрген «Шын жүрегіммен құттықтаймын» кітап-альбомы жобасына мұражай директоры Бибігүл Құдабаеваның жетекшілік еткенін айта кеткен ләзім. Сондай-ақ бұл шарапатты іске өнертанушы Наталья Иванина, аудармашы Даяна Ысқақова, дизайнер Балауса Туралықова да мол үлес қосқан.
ҚАРАҒАНДЫ