Үкімет • 23 Қаңтар, 2020

Марат Қожаев әскери қызметшілерді марапаттады

454 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаев аға лейтенант Айдос Сәдуов пен сержант Жандос Шаймардиновты «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдармен марапаттады. 2019 жылғы желтоқсан айында кезекті патрульдеу барысында олар жоғары вольтты кабель ұрлауға әрекет жасаған төрт адамды қолға түсірді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Марат Қожаев әскери қызметшілерді марапаттады

2019 жылдың қазан айынан бастап Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған, Ақтау және басқада қалаларда әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының ІІМ бөлімшелерімен бірлескен патрульдеу жүргізуде.

«Мен азаматтардың тыныштығын қорғайтын әскердің бар екенін біле отырып, әрбір қазақстандық өзінің қауіпсіз екенін сезінсе деймін. Бұл үшін менің қызметтестерім қолынан келгенін барлығын жасауда. Полиция қызметкерлерімен бірге күндіз және түнде де көшелерді патрульдеу кезінде  - біз өз халқымызды қорғауға және қызмет етуге саналы таңдау жасаймыз» деп атап өтті марапатталушы аға лейтенант Айдос Сәдуов.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында адамдар көп жиналатын жерлер, вокзалдар мен автовокзалдарда, ұсақ және ірі базарларда, демалыс және ойын-сауық орындарында патрульдеу жүргізіледі. Патрульдеу бағыттары криминогендік жағдайды ескере отырып әзірленген.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін суға шомылуға жабдықталмаған су айдындарында, бөгеттер мен өзендер аудандарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

2020 жылдың басынан 6 әкімшілік бұзушылық, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактісі анықталды.

Бұдан басқа, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ҚК ӘПО (әскери полиция органдары) мен Қазақстан Республикасының ІІМ ПД (полиция департаменті) бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасу бойынша жұмыс жүргізілуде. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.