Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Әбілқайыр Сқақов облыс орталығындағы қар тазалау жұмыстарын жүргізу барысын тексерді

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы қаланың орталық көшелерін аралап, Зеленстрой, Восточный және Екінші Павлодар шағын аудандарында болды. Ол қалалық  басшылар мен коммуналшыларға әлеуметтік нысандардың жанындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер жолақтарын  тазалауға баса назар аударуды тапсырды. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әбілқайыр Сқақов облыс орталығындағы қар тазалау жұмыстарын жүргізу барысын тексерді

– Әлеуметтік нысандар мен олардың жанындағы территорияларға басымдық берілуі тиіс, – деді Әбілқайыр Сқақов №2 емхананың жанында. – Қала тұрғындары ауруханалар, мектептер мен бала бақшаларға баратын жолдар таза болуы керек. Осы жерден таңертең өткенде қар жатқан еді, әлі де тазаланбаған. Көлік тұрақтарындағы қарды да шығару керек. Бұл әлеуметтік нысандарға ғана емес, жақын маңдағы адамдар пайдаланатын тұрақтарға да қатысты.

Қаланы аралап болған соң аймақ басшысының бірінші орынбасары коммуналдық қызметтердің өкілдерімен жиналыс өткізді. Қалалық ТҮКШ бөлімі мен коммуналдық қызметтер қар тазалау жұмыстарын қолға алуды және жақын арада қаланы қардан арылтуға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше