Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асатын «Қамқорлық» шеңберінде тұрмыс тауқыметін тартқан жандарға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік жасалмақ. Еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту жағы да қаралған. Мұндай отбасыларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына ауыл ақсақалдары мен жергілікті белсенділер кірген. Әр ауданда шамамен 100-ден астам отбасы көмекке зәру екені анықталған. Облыс бойынша олардың жалпы саны 2000-ға жуық. Қайырымды іске жергілікті депутаттар мен демеушілер де атсалыса бастады.
Аудан, ауыл әкімдері мен облыстық «Nur Otan» партиясы филиалдарының жетекшілері жоба аясында көмекке мұқтаждардың үйіне арнайы барып, отбасына азық-түлік себеттерін табыс етуде. Тұрғындардың тұрып жатқан үйіне қажетті жөндеу жұмыстарына және ауласындағы тазалық жұмыстарына арнайы еріктілер тобы жұмылдырылған.