Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

«Тұлға тану» Сұлтанбет сұлтанға арналды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы № 37 мектепте тарих пәні мұғалімдері «Тұлға тану» үйірмесі сабақтарын өткізеді.

«Тұлға тану» Сұлтанбет сұлтанға арналды

Жоғары сынып оқушылары үйірмеде  өткен тарих, шежіре,  тәуелсіздік үшін күрескен қазақ елінің батырлары  жайлы біле алады. 

Үйірменің кезекті сабағына С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарихшы ғалым Сәуле Мамытова, қалалық мәдениет бөлімінің қызметкері Мейрам Нұғымандар қатысып, Сұлтанбет сұлтан туралы  әңгімелеп берді.

XVIII ғасырда өмір сүрген Сұлтанбет Сұлтан туралы екі томдық кітапты таныстырудан басталды.

Яғни, көп жылдар бойы  ашылмай жатқан сұлтан жайлы  мәліметтер, жазбалар енді жарық көре бастады.

Тарихшы Сәуле Мамытова  оқушыларға Сұлтан Жоң­­­ғар шап­­­қыншылығы кезінде Шаң­­­­ды жорыққа Кереку өңірінен 50 мың қол жинап, шайқасқа аттан­ды­рғанын, 1771 жылғы шешуші шай­қас­та Сұл­т­анбет сұлтан ұлдары­мен бір­ге жоңғарларды ойсырата же­ңгені жайлы баяндап берді.

Оқушылар Ыңғайбек Жұлдыз, Олжас Райымбек, Гүлнұр  Нұғымандар  сұлтан жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. 

Сонымен бірге, жергілікті зерттеуші ғалым Виталий Сирик Ресей архивтерінен 50-шақты  құжат тап­қан екен.

Сұлтан туралы архивтік құжаттарды өңіріміздің ғалымдары көне славян тілінен аударған. Өңірімізде Сұлтанбет Сұлтан туралы зерттеу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын басталды.

«Сұлтандар аралы» деп аталған жер Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Көне құжаттардың негізінде сұлтан  тұрған үйдің көшірмесі де бой көтерді.

Таралымы 500 дана жинақ өңірдегі кітапханаларға таратылған.

Мектеп  директоры Ләйла  Жүсіпованың  айтуынша,  «Тұлға тану»   үйірмесі  ары қарай да жалғасып, оқушылардың рухани тарих-танымдық ой-өрістерін кеңейтуге бағытталады.

ПАВЛОДАР