2013 жылғы 30 сәуір Астана, Үкімет Үйі
«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қагидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2013 жылғы 30 сәуір Астана, Үкімет Үйі
«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қагидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 861-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары:
мынадай мазмұндағы 13-1, 14-1-тармақтармен толықтырылсын: «13-1. Дәрігердің қабылдауына жазылу жеке тұлғаның немесе оның өкілінің БМСК көрсететін медициналық ұйымға тікелей өтініш жасауы, телефон байланысы арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасыз «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.;
14-1. Дәрігерді үйге шақыру жеке тұлғаның немесе оның өкілінің БМСК көрсететін медициналық ұйымға тікелей өтініш жасауы, телефон байланысы арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбасыз «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. БМСК көрсететін медициналық ұйымдарға нақты бекітілген халықтың саны туралы, аумақтық қызмет көрсету учаскелері, учаскелік қызметтің (жалпы практика қызметі) дәрігерлері мен орта медицина персоналы туралы ақпарат тіркелген халық тізілімінің дерекқорында қалыптастырылады.
Тіркелген халық тізілімінен БМСК ұйымдарының бөлінісінде тіркелген халықтың болуы туралы ақпарат БМСК ұйымдарының арасында жан басына шаққандағы нормативке ақы төлеуді қаржыландыру көлемдерін бөлу үшін негіз болып табылады.»;
6,7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қағаз түрінде және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта қалыптастырылатын медициналық ұйымға бекітілу анықтамасы (талоны) (бұдан әрі - бекіту анықтамасы (талоны) азаматтың БМСК ұйымына бекітілгені туралы куәландыратын құжат болып табылады. Қағаз форматтағы бекіту анықтамасын (талонын) медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді. Электрондық форматтағы бекіту туралы анықтама (талон) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
7. БМСК ұйымына бекіту еркін ныс андағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) негізінде БМСК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады. БМСК ұйымына бекіту үшін «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінген кезінде сұрау салуды жіберу, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) және электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде денсаулық жағдайы бойынша БМСК ұйымына өздігінен келуге мүмкіндігі жоқ адамдарды бекіту БМСК ұйымдарында олардың жазбаша немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүгінуі бойынша жүзеге асырылады.»;
12,13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Бекіту өзгерген кезде бекіту анықтамасы (талоны) БМСК ұйымына қайтарылады, ал азаматқа қағаз түріндегі БМСК ұйымынан бекітуден шығу анықтамасы (талоны) беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта бекітілген кезде, басқа БМСК ұйымдарына бекітілген жағдайда оны есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
13. Азамат БМСК ұйымына бекітуді еркін таңдаған кезде оған осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
С.Ахметов.