23 қаңтар күні сағат 21:00-ден бастап, 24 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде екпіні 23 метр болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.
Ақмола облысында мол көлемде қартүседі.Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде 23 м/с болады, күндіз бірқатар аумақтарда желдің ұйытқуы 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Көкшетау қаласында 24 қаңтар күні қар жауады,бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.
24 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23-28 метрге жетеді.
Шымкент қаласында 24 қаңтарда оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан қаласында оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
24-25 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 24 күндіз, 25 қаңтарда түнде жел 23-28 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Болжамның дәлдігі 95-100%. 24 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде мол көлемде қар жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.