![Елорда маңында қасқырлар жүргені туралы ақпарат жалған – Нариман Жүнісов](/media/2020/01/24/9319251-1.jpg)
«Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы ауыл-аймақтарда қасқырлар жүргені туралы жалған ақпараттар тарап жатыр. Дегенмен ондай жағдайлар тіркелген жоқ» деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитет төрағасының орынбасары Нариман Жүнісов.
Қасқырларды көрген жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін айтып өтті. «Қашпау керек, айғайламаған жөн. Барынша тыныштық сақтап, алыстап кетуге тырысу керек. Қасқыр көрген жағдайда құқыққорғау органдарына хабарласу керек» деді ол.