Қазақстан • 24 Қаңтар, 2020

Мағзұм Мырзағалиев Shell Kazakhstan басшысы Оливье Лазармен кездесті

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Shell Kazakhstan басшысы Оливье Лазармен кездесіп, компанияны Каспий маңы бассейнін геологиялық барлауға инвестиция салу мүмкіндігін пысықтауға шақырды. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Twitter парақшасына жазды. 

Мағзұм Мырзағалиев Shell Kazakhstan басшысы Оливье Лазармен кездесті

«Sһell Kazahstan басшысы О. Лазармен кездестім. Shell тарапын белсенді ынтымақтастыққа шақырдым» деп жазды М. Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

«Каспий маңы бассейнін жəне аз зерттелген бассейндерді, оның ішінде «Еуразия» деп аталатын жобаны геологиялық барлауға инвестиция құю мүмкіндігін зерттеуге келістік» деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, тараптар бірлескен техникалық жұмыс тобын құруға шешім қабылдаған.