Қоғам • 24 Қаңтар, 2020

Нұр-Сұлтанда 100 шақырым жол салынып, жөнделеді

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында А. Көлгінов бірқатар маңызды жобалардың іске қосылатыны туралы айтып берді. 

Нұр-Сұлтанда 100 шақырым жол салынып, жөнделеді

«Мәселен, Қабанбай батыр даңғылын 8 жолаққа дейін кеңейту және Қорғалжың тас жолы мен Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының қиылысында жол айрығын салу бойынша жұмыстарға дайындық жүргізілуде. Барлығы қала бойынша 100 шақырым жолды салып, жөндеу жоспарланған. 

Сонымен қатар Ұлы Дала даңғылы бойынша екі көпір — Есіл өзені арқылы және Нұра-Есіл каналы арқылы өтетін көпір құрылысын аяқтау жоспарланған. 

Тәуелсіздік даңғылы бойымен Есіл өзені арқылы жаңа керме көпір құрылысы көзделген. Аталған 3 көпір мен жолдар құрылысы қаланың көлік логистикасын жақсартып, жолдардың жүктемесін азайтады. 

Қаланы абаттандыру үшін қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағдарламасы әзірленген, ол «Халықтың қатысу бюджеті» аясында іске асырылады. 

2019 жылы 160-қа жуық аула абаттандырылды, биыл да сонша ауланы абаттандыру көзделген. 

1,5 мың шам ауыстырылды, үнемдеу — 40%. Жұмыстар жалғасуда. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қала көшелері мен ғимараттарды безендірудің бірыңғай дизайн-коды бекітілді. 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 2019 жылы 11 мыңнан аса адам 4 аудан мен қала басшылығының қабылдауында болды. 

Тоқсан сайын ашық әкімдік шарасы өткізіледі. 3 ауданда «Open Akimat» ашылды. 

«Жанұя» орталығында 5 айдың ішінде 7 мыңға жуық адам қабылданып, олардын 4 мыңға жуық мәселесі сол жерде шешілді.

13 мың аз қамтылған отбасылардың балалары мектепке қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылды» деді А. Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше