Әлем • 25 Қаңтар, 2020

Түркияда жер сілкінісі болды

801 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның шығысында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 18 адам қайтыс болып, 225 адам жарақаттанған. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Түркияда жер сілкінісі болды

Daily Mail мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Сивридже қаласы маңындағы Элязыг провинциясында тіркелген. Зілзаланың алғашқы магнитудасы 6,8 балдық болса, кейінірек 5,4-тен 3,5-ке дейінгі балдық жер сілкінісі болған.

Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акардың айтуынша, төтенше оқиға орнына құтқарушы топ жедел жіберілген.

Жер сілкінісі Түркиядан бөлек Сирияның солтүстігінде, Ливан мен Иракта байқалған.