Қазақстан • 26 Қаңтар, 2020

Ғылыми журналдарды қаржылық қолдауға конкурс жарияланады - А.Аймағамбетов

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі Scopus және Web of Science халықаралық базаларының қатарына енуі тиіс бірқатар ғылыми журналды қаржылық қолдауға конкурс жариялайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

Ғылыми журналдарды қаржылық қолдауға конкурс жарияланады - А.Аймағамбетов

«Көбінесе отандық ғылыми журналдардың ЖОО мен ғылыми ұйымдардың басшылары назарынан тыс қалып жататындығы құпия емес, кейбір жерлерде қаржылық қолдау жеткіліксіз. Министрлік тарапынан жекелеген журналдарды іріктеу және қолдау олардың сапасы мен беделін арттыруға мүмкіндік береді», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.