Спорт • 27 Қаңтар, 2020

Бұйырғаны – бір жүлде

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Израильдің Тель-Авив қала­сында өткен жылдың шымыл­дық ашар Гран-при жарысында қазақ­стандық спортшылар ел қоржынына бір ғана жүлде салды.

Бұйырғаны – бір жүлде

Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Тель-Авив татамиіне шыққан 66 килодағы Ерлан Серікжанов турнирдің финалына дейін жеткен болатын. Өкінішке қарай, бас жүлде үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея өкілі, әлем және Азия ойындарының жеңім­пазы, Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Ан Баулдан «иппонмен» жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты.

Гран-при жарысына Қазақстан құрама­сынан 20 дзюдошы қатысқан болса, 19 балуанымыз іріктеу бәсекесінен әрі аса алмады. Енді отандастарымыз ақпан айының 8-9 күндері Парижде өтетін Гранд-слэм додасында бақ сынайды.