Қоғам • 27 Қаңтар, 2020

Буллинг құрбаны – жасөспірімдер

9946 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

11-15 жастағы әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім ай сайын буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болады. Оған қатысу ұлдар арасында көбірек таралған.

Буллинг құрбаны – жасөспірімдер

Бүгінде буллинг әлем мектеп­те­рінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессия­ны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.

Бір жылдан аса уақыт бұрын еліміздегі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Мектеп жасындағы бала­лар­дың денсаулыққа қатысты мі­нез-құлқы» («Health be­ha­vi­our in school-aged chil­dren») та­­қырыбындағы зерттеу то­бы жасөспірімдер ара­сын­да­ғы денсаулық пен әл-ауқат көр­сет­кіш­терін зерделеу мақ­са­тын­да қазақстандық оқу­­шылар ара­сында сауалдама жүр­­гізді. Зерт­теу тобы мұндай көр­­сет­кіш­терді әр 4 жыл сайын жи­нап зерттейді.

Мек­теп оқушыларына сауал­дама жүргізу барысында, соң­ғы екі айда олардың буллингке немесе кибербуллингке қаншалықты жиі қатысқанын, өздері оның құрбандарына айналғаны жайлы сұрақтар қо­йыл­ды. ДСҰО зерттеу тобы ға­лымдарының ай­туынша, бул­линг құрбандарының да, қа­ты­сушыларының да ілеспе және болашақта психикалық ден­сау­лық­қа байланысты проблемалары бар. Белгілі болғандай, 11-15 жастағы жасөспірімдердің 17%-ы мектепте айына бір не­­месе бірнеше рет буллинг құр­баны болған. Бұл ретте ауыл­дық­тар­мен салыстырғанда қала оқу­шы­лары жиі зардап шегетінін айта кеткен абзал. Ұлдар мен қыздар арасында буллингтің таралуы 15 жасқа жақындағанда азаяды.

Мектепте басқа адамдардың буллингіне айына бір немесе бірнеше рет 11-15 жастағы жас­өсп­ірімдердің 20%-ы қатысты. Осы мінез-құлықтың таралуы 11 және 13 жастағы ер балалар арасында ең жоғары көрсеткішке ие екен. Сонымен қатар жаңа технологияларды дамытумен және әлеуметтік желілерді танымал етумен буллингтің жаңа түрі кибербуллинг пайда болды.

Кибербуллинг мысалдары­на қорлау хабарламаларын жі­бе­ру (мәтін немесе интернет арқылы), әлеуметтік желілерде еле­меушілік пікірлерді жариялау, кемсіту фо­тосуреттерін орналастыру, сон­дай-ақ электронды нысанда біреуді қорқыту жатады.

Кибербуллинг депрессия, үрей, өзін-өзі төмен бағалау, эмо­цио­налдық бұзылулар, психо­бел­­сенді заттарды қолдану және суи­цидтік мінез-құлық си­я­қ­­ты психикалық денсаулық пен күр­делі проблемаларды да­­мытуға ықпал ете отырып, жас­өс­пірім­дер­дің денсаулығына теріс әсер етеді. Бүгінде 11-15 жастағы жас­­өспірімдердің 12%-ы кем де­генде бір рет немесе одан да көп кибербуллингке ұшырағаны бел­гі­лі болды.

Кем дегенде бір рет басқа адам­дарды кибербуллинг құр­ба­ны етуге жасөспірімдердің 11%-ы қатысқан. Айта кетерлігі, мұн­дай мінез-құлық ұлдар арасында кең таралған.

Ғалымдардың пікірінше, бул­лингті мектеп деңгейінде тө­мен­де­ту шаралары бул­линг­тің алдын алу бойынша бағ­дар­ламаларды ен­гі­зуді, ата-ана­ларды тартуды, тәр­­тіптік әдіс­тер­ді қолдануды, мек­­теп­тегі әлеу­меттік ахуалды жақ­сартуды, бала­ларды қадаға­лау­­ды қамтиды.

Ұлттық деңгейде кешенді стра­­тегиялар мен алдын алу бағ­дар­ламалары, жоғары ақпа­рат­тан­­дыру, сондай-ақ буллинг пен ки­бербуллинг құрбандарына қол­дау көрсету қызметін дамыту ма­ңызды.

ДСҰО зерттеу тобы ға­лым­да­рының пікірінше, зорлық-зомбы­лықтың алдын алу және ден­сау­лық сақтау қызметтерінің өза­ра іс-қимылын жақсарту және ­зор­лық-зомбылыққа қатысты қол­да­ныстағы заңдарды бағалау бул­линг пен кибербуллингке қарсы кү­рестің негізгі құрамдас бөлігі са­налады.