Парламент • 27 Қаңтар, 2020

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Алдағы сәрсенбіде Мә­жіліс депутаттары бірқатар рати­фикациялық заң жобасын талқылайды деп күтілуде. 

Атап айтар болсақ, депутат­тар назарына Дүниежүзілік пош­та одағының Жарғысына Тоғы­зыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады. Хатта­маның мақсаты – сапалы, қол­жетімді, әмбебап пошта қыз­­меттерін дамытуды ынта­­лан­дыруға мүм­кіндік бе­р­е­тін ата­л­ған одақ шең­­берін­де ха­­лық­аралық пош­та алмасу және халықаралық пош­та жөнелтілімдерінің тран­зитін қамтамасыз ету бойын­ша Қазақстан қабылдаған мін­дет­темелерді орындау.

Сондай-ақ осы күні Өзбек­станмен заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралмақ.

Тараптар келісімге сәй­кес, өз мемлекеттерінің заңна­ма­сына және халықаралық мін­деттемелеріне сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы күресте ын­тымақтастық жасайды.