Руханият • 27 Қаңтар, 2020

Домбырамен ән айтқан алматылық «Голос країни» қазыларын таңғалдырды

1303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық Ерлан Байбазаров «Голос країни» жобасының Х маусымында жасырын тыңдалымнан сәтті өтті.  


Домбырамен ән айтқан алматылық «Голос країни» қазыларын таңғалдырды

Украинадағы дарындар шоуында алматылық такси жүргізушісі электрдомбырамен Portugal the Man тобының «Feel It Still» әнін орындады.

Қазақстандық өнерпаздың ерекше дауысына тәнті болған әділ қазылардың үшеуі Ерланды өз тобында көргілері келетінін айтты. Ал 29 жастағы Ерлан Потап пен Настя Каменскихтің командасына қосылды.