Әлем • 28 Қаңтар, 2020

Ауғанстанда ұшақ құлады

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан астанасы Кабулдан мемлекеттің солтүстік-батысындағы Герат қаласына бағыт алған ұшақ Газни провинциясы маңында құлады. Лайнер бортында 83 жолаушы болған. Тірі қалғандар туралы ақпарат әзірге жоқ.

Ауғанстанда ұшақ құлады

Жергілікті ақпарат құрал­да­ры­ның хабарлауынша, ұшақ Ariana Afghan Airlines әуе компаниясына тиесілі. Алай­да аталған әуе компания ұша­ғы­ның құламағанын, бұл апат­тың компанияға қатысы жоғын айтты. Компания басшысы Мируэй Мир­закуал Reuters агент­ті­гіне Кабул­дан Гератқа ұш­қан ұша­ғы­ның сәтті қонғанын, екін­ші рейстің де жоспар бойынша ұша­ты­нын мәлімдеді. Газни про­вин­циясының губернаторы Ариф Нури апаттың Дех Як ауданында болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұшақ құлағаннан кейін, өрт шыққан.

Апат жергілікті уақыт бойынша шамамен 13:10-да болған. Әуе ке­месі ауған армиясына тиесілі де­ген ақпарат та бар. Tolo News агент­­­­тігі ұшақтың «Талибан» қоз­­­­­ға­­­­­лысының бақылауындағы аумақ­­қа құлағанын жазады. Бұл мә­лім­де­ме негізсіз емес. Өйткені апат ор­нына «Талибанның» жа­уын­гер­лері алғашқы болып кел­ген. Олар өртенген ұшақты сөн­ді­руге ты­рыс­қан. «Талибан» қоз­­­ға­лы­сы­ның өкілі Забиулла Муджахид келіп түс­кен хабарламаны тексеру үшін оқиға орнына қоз­ғалыстың адамдары бар­ғанын жет­кізді. Мемлекеттің тө­­тенше жағ­дайлар комитеті қыз­мет­кер­лері де апат орнына жібе­рі­ле­­тіні хабарлан­ды.

Ауғанстанда ірі ұшақ апаты соңғы рет 2005 жылы болған. Ол кезде де Гераттан Кабулға бет алған Kam Air компаниясының ұшағы тауға жақын маңда құлаған болатын.