Кәсіпқой бокс • 28 Қаңтар, 2020

Боксшылар Амманда іріктеледі

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін турнир наурыз айында Иорданияның Амман қаласында өтетін болды. Бұл туралы ҰОК баспа­сөз қызметі хабарлады.

Боксшылар Амманда іріктеледі

Жуырда Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы және Қытайдың Олимпиада комитеті 3-14 ақпанда Қытайдың Ухань қаласында өтуі тиіс болған турнирді аталған аймақта коронавирустың таралуы­на байланысты кейінге шегерген болатын. Түрлі нұсқаларды қарастырған жұмыс тобы іріктеу додасына қарқынды дайындалып жатқан спортшыларға ыңғайлы болу үшін Иордания Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өтінімін мақұлдады.

Осылайша, бокстан Азия және Тынық мұхит аймағы елдері Токио Олимпиа­дасы­ның жолдамасын 3-11 наурыз аралығында Иорда­нияның бас шаһары – Амман қала­сында сарапқа салады.