Фото: BBC
Соңғы деректерге сәйкес, Қытайда індетті 4 515 адам жұқтырғаны белгілі болды. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен 2835 адамға көп.
Елде вируспен күресу мақсатында саяхатқа қатысты талаптар күшейген.
Короновирус тараған аймақ ретінде Ухан қаласы мен Хубей провинциясының айналасы қатаң бақылауға алынған, қаладан кіріп-шығуға болмайды.
Індет ауыр респираторлық вирустық инфекция тудырады, ал оны емдеудің арнайы жолы не оған қарсы вакцина жоқ.
Қайтыс болғандардың көбі егде жастағы тұрғындар мен осыған дейін тыныс алу жолына байланысты шағымдары болған науқастар.
Індетке байланысты Қытай жаңа жылын тойлауға арналған шаралар тоқтатылған және вирустың белең алуын азайту мақсатында мейрамға берілетін арнайы демалыс күндері жексенбіге дейін созылды.
11 миллион халқы бар Ухан қаласында барлық қозғалыс тоқтатылғанын айтқан едік. Дегенмен, қала басшылығының айтуынша, миллионнан астам тұрғын мейрамға және қатаң тәртіпке дейін өзге жерлерге саяхаттап кеткен.
Қытайдың өзге де ірі қалалары қоғамдық көліктердің жұмысын тоқтатқан. Сондай-ақ Шанхай мен Гонконгта орналасқан Диснейлэнд ойын-сауық орталығы уақытша жабылды.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (World Health Organization) мәліметінше, әлемнің өзге елдерінде 47 жағдай тіркелген.
Қазақстанның денсаулық сақтау өкілдері елімізде індетті жұқтырғандар жоқ екенін және алдын алу шаралары жолға қойылғанын жеткізді.